ОРХОН-ЕНИСЕЙДЕГІ КӨМЕКШІ СӨЗДЕР: ДАМУЫ МЕН КОНЦЕПЦИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ (ТАРИХИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАЛИЗ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510205

Кілт сөздер:

Орхон-Енисей, руника, түркі-қазақ, көмекші сөздер, аналитикалық, көмекші есім, көмекші етістік, септеулік, демеулік, жалғаулық.

Аңдатпа

Мақалада Көне түркі руника жазба ескерткіштері тілінде қолданылған көмекші сөздер (шылаулар, көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер) орта ғасыр түркі тілдері мен қазіргі түркі тілдеріндегісімен тарихи-салыстырмалы тұрғыдан алғаш зерттелініп, жалпы лингвистика ғылымына қосқан үлесі бар екендігін анық байқатады. Негізінен кешенді зерттеуіміздің барысы ретінде Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған көмекші етістіктер арқылы басқа да көмекші есім, шылау, модаль сөздердің зерттеулері, статистикалары және теориялық негіздері жасалғандығы мәлім етіледі. Яғни, мақалада зерттеу нәтижелерінің үлгісі ретінде көмекші сөздер тобынан тек қана көмекші етістіктер алынып, қосымшада әртүрлі негіздегі статистикалары кесте арқылы арнайы беріледі. Көне түркі руника жазба ескерткіштер тілінде қолданылған Көмекші сөздердің құрамын анықтау үшін ең алдымен көлемді деген тоғыз ескерткіш және майда Орхон-Енесей  жазба ескерткіштері бойынша зерттелінгені көрсетіледі. Содан кейін көне түркі тіліндегі көмекші сөздер орта ғасыр, қазіргі түркі тілдерімен салыстырылып, олардың морфологиялық және фонетикалық ұқсас-ерекшеліктері анықталынып, статистикалары беріледі.  Сонымен қатар қазіргі түркі тілдерімен салыстырған уақытта Шығыс және Батыс ғұн түркі тілдері негізінде екіге жіктеліп, олардың өзара айырмашылықтары бары беріледі. Ең бастысы Көмекші сөздер тобы туыстас түркі тілдеріне ортақ болғанымен, сөз табылық категориясы мен формалық қолданылу жағынан әртүрлі көзқараста, әртүрлі категорияда болатындықтары анықталды. Сонымен қатар олардың атаулары да әртүрлі болып келетіндігіне көз жеткізіледі. Зерттеу нәтижелерінің бірі ретінде көне түркі руника жазба ескерткіштер тілінде қолданылған көмекші сөздердің құрамы толықтай дәлелді түрде орта ғасыр тілінде және қазіргі түркі тілдерінде кездесетіндігі сөз етіледі. Жалпы зерттеудің негізгі тілі ретінде туыстас түркі тілдеріне жататын Қазақ тілімен тікелей байланыстырылып беріліп отырылды.  Нақты концепциялық негізіне келер болсақ, тіліміздегі кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар бастапқы мағыналарынан біртіндеп айырылып, құрылымдық элементтері ішкі мағыналық және сыртқы дыбысталу жағынан да бірдей қамтылып, түбір мен морфемалардың жігі жымдасып, тұтасып бір жаңа сөздер тобын қалыптастырған. Мақалада осы жаңа сөздер тобы – Көмекші сөздер тобы екендігіне көз жеткізіледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 132

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.