ЖАЗУШЫ Ж.АЙМАУЫТОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Кайыров Асан Бакиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-0657-6770

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610204

Кілт сөздер:

Тіл, ана тілі, тіл үйрену, кірме сөз, жат сөздер, диалект сөздер, терминдер, пән сөздері, тілдік қағидаттар, газет тілі.

Аңдатпа

Қазақ тіл білімі ғылымын дамытуда, оның мән-маңызын айқындауда, өзекті мәселелерін көрсетуде, тың теориялардың негізін қалауда жеке тұлғалардың қосқан үлесі айрықша. Өйткені            ғылымды жасаушы, оны дамытушы, халықтың игілігіне жаратушы – жеке, дарынды тұлғалар. Сондықтан қазақ тіл білімі ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалымдардың ғылыми мұраларын зерттеудің нәтижесінде жалпы қазақ тіл білімі ғылымының тарихы жасалмақ. Тіл білімі ғылымының тарихын әрі қарай жалғастыру, зерттеу өте маңызды. Соған байланысты қазақ руханиятының көшбасшыларының бірі Ж.Аймауытовтың тілдік мұраларын зерттеу аса маңызды. Себебі Ж.Аймауытовтың тілге қатысты теориялық тұжырымдары қазақ тіл білімі ғылымының персонология тарихына қосылатын маңызды үлес болып табылады.

Мақалада Ж.Аймауытовтың пәндерді оқытуда қазақ тілінің алатын орны, тілді меңгерудің маңызы, тіл мен ойдың тығыз байланыстылығы, білім алу жолы мен тіл үйрену жолының бірлігі туралы ой-пікірлері, диалектология мен терминологияға қатысты ғылыми көзқарастары баяндалады. Мақаланың негізгі мақсаты – Ж.Аймауытовтың тілдік мұрасын жан-жақты талдап, оның қазақ тіл білімінің қалыптасуында алатын орнын айқындау, жазушының тіл туралы айтқан тұжырымдарының маңыздылығын ашып көрсету.

Мақаланың әдістанымдық негізі ретінде жалпы лингвистикалық теориялар, сонымен қатар сол кезеңде қазақ тілін оқыту мен оның лексикологиясына қатысты тың пікірлер айтқан А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов тәрізді зерттеушілердің теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды.

Мақала негізінен сипаттамалық ыңғайда жазылғанымен, жазушының өзіндік ой-пікірлерін зерделеу барысында талдау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Зерттеудің нәтижелері мен құндылығы ретінде Ж.Аймауытовтың тілдік мұрасының өзі өмір сүрген шығармашылық кезеңіндегі, одан кейінгі кезеңдегі және қазіргі қазақ тіл біліміндегі мәнін, өзектілігін, әрі бүгінгі ғылыми зерттеулермен сабақтастығын айта аламыз. Мақаланың нәтижелерін жазушы шығармашылығын зерттеу мен оқытуда теориялық және пpaктикaлық жaғынaн қосымша әдебиет peтiндe пaйдaлaнуғa бoлaды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 167

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.