Авторларға арналған ақпарат
«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы»-на материалдарды жариялау Open Journal System (Ашық Журнал Жүйесі), онлайн-беру және рецензиялау жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады. Тіркеу және кіру университет сайтындағы «Материалдарды жіберу» бөлімінде қол жетімді.
Журналды шығару жиілігі - тоқсанына 1 рет (жылына 4 нөмір). Мақалалар әр тоқсанның екінші айының 10-күніне дейін қабылданады (1 тоқсан – 10 ақпанға дейін, 2 тоқсан – 10 мамырға дейін, 3 тоқсан – 10 тамызға дейін, 4 тоқсан – 10 қарашаға дейін).
Редакция мақаланы әдеби және стилистикалық өңдеумен айналыспайды.
Мақаланың мазмұны үшін Автор жауап береді.
«БҚИТУ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАУ ҮШІН МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІНІ пайдаланыңыз)
«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналына қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қолжазбалар қабылданады.
Журналда келесі бағыттар бойынша мақалалар жарияланады:
- Тарих ғылымдары;
- Филология ғылымдары;
- Техника ғылымдары;
Мақала электрондық түрде .doc, .docx, .rtf форматтарында оны журнал сайтының (Open Journal System) функционалы арқылы жүктеу жолымен ұсынылады.
Мақалалар Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес қабылдаған (2003 жылғы 2 шілдедегі № 12 хаттама) "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері" МЕМСТ (ГОСТ) 7.1.-2003-ке сәйкес рәсімделуі керек.
Қолжазбаның жалпы көлемі, оның ішінде авторлар туралы ақпаратты, аннотацияларды, түйін сөздер және сызбалар мен кестелерді қоса алғанда, А4 форматындағы кемінде 7 бет болуы тиіс (14 беттен аспайды). (Microsoft Word редакторы).
Қолжазба өрістері: парақтың барлық жағынан 2,5 см, қаріп өлшемі - 12 кегль, қарапайым, Times New Roman, жоларалық интервал – 1 (бір), туралау - ені бойынша (тасымалдауды автоматты түрде орналастырумен). Абзац шегінісі - 10 мм., беттердің нөмірі қойылмайды.
Суреттер, карталар, фотосуреттер, формулалар, кестелер, графиктер және диаграммалар мақалада олар туралы сілтемеден кейін орналастырылады. Негізгі мәтіндегі сызбаға сілтеме жақшада қарапайым қаріппен жазылады - мысалы, (1-сурет). Суреттердің реттік нөмірлері араб цифрларымен белгіленеді, суреттің атауы суреттің астында, ортада келтіріледі (1-сурет - суреттің атауы). Графикалық материал жоғары сапада болуы керек.
Кестелер MS Word редакторында теріледі. Кестелер мақаланың мәтінінде бірінші сілтемеден кейін немесе келесі бетте көрсетіледі. Кестеге сілтемелер негізгі мәтінде жақшада қарапайым қаріппен жазылады – мысалы, (1-кесте). Кестенің нөмірі мен атауы беттің сол жағында, кестенің үстінде (1-кесте - кестенің атауы) келтіріледі. Кестені келесі бетке ауыстырған жағдайда бағандар нөмірленеді және кестенің оң жағындағы келесі бетте кестенің жалғасы (1-кестенің жалғасы) деп көрсетіледі.
Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар саны мақаланың жалпы көлемінің 20% - нан аспауы тиіс (жекелеген жағдайларда 30% - ға дейін).
Формулалар мен математикалық таңбалар MS Word бағдарламасында кірістірілген формула редакторы немесе MathType редакторы арқылы жасалуы керек. Формуланың бір бөлігін таңбалармен, ал бір бөлігін формула редакторында теруге жол берілмейді. Формулалар санын барынша азайтқан дұрыс (10-нан аспауы тиіс).
Кестелер, графикалық материалдар және формулалар (топтастырылуы қажет) көрсетілген өрістерден асып кетпеуі керек.
Барлық қысқартулар мен акронимдер, белгілі аббревиатуралардан басқа, мәтінде бірінші рет қолданылған кезде толық жазылуы керек.
Материалдарды баспаға рәсімделу элементтерінің реттілігі келесідей:
Мақаланың басынан бастап сол жақта, сол жақ жоғарғы бұрышта ҒТАХА - ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық айдары (МРНТИ) көрсетіледі (ғылыми кітапханаларда бар индекстеу нұсқаулығына сәйкес немесе Интернетте еркін қол жетімді (https://grnti.ru). DOI - жоғарғы сол жақ бұрыштағы ҒТАХА-дан кейінгі келесі жолда (журнал редакциясы тағайындайды және толтырады);
Авторлар туралы ақпарат (DOI-ден кейін 1 (бір) жол тастап) - абзац шегініссіз (барлық жарияланым авторларының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, атағы, елі, қаласы, мекен-жайы, e-mail және ORSID нөмір көрсетілген жұмыс орындалған мекеменің толық атауы), бұл ретте тізім бойынша бірінші негізгі автор, ал хат-хабар үшін автор жұлдызшамен көрсетіледі (мысалы, Ғ.Ғ. Ғалымов1, Т.Т. Тоқтаров*1, И.И. Ивонов2, С.С. Сидоров3);
Мақаланың атауы, аннотация және түйінді сөздер үш тілде ұсынылады: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде (алдымен басылымның тілінде).
Мақаланың атауы (авторлар туралы ақпараттан кейін 1 (бір) жол тастап) - парақтың ортасында, абзац шегініссіз, кәдімгі бас әріптермен, қалың қаріппен. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы - 5-7 сөз (кейбір жағдайларда 10-12 сөз);
Аңдатпа. Мақаланың атауынан кейін 1 (бір) жол тастап, курсивпен, жаңа жолдан орналастырылады (андатпа көлемі - 150-300 сөз), ол жұмыстың мақсатын, жұмысты жүргізу әдісін немесе әдіснамасын, жұмыс нәтижелерін, жүргізілген зерттеудің құндылығын, нәтижелерді қолдану саласын, қорытындыларды (туралау – мәтіннің ені бойынша, абзац шегінісі – 1 см) көрсетуі тиіс;
Түйін сөздер. (андатпадан кейін 1 (бір) жол тастап, жаңа жолдан, курсивпен жазылады) мақаланы іздеуге және оның тақырыптық аймағын анықтауға арналған. Түйін сөздер/сөз тіркестерінің саны - 5-10 (туралау - мәтіннің ені бойынша, абзац шегінісі – 1 см);
Мақала мәтіні (түйін сөздерден кейін 1 (бір) жол тастап) – қарапайым қаріп, туралау – мәтіннің ені бойынша, абзац шегінісі - 1 см.
Ғылыми мақаланың мәтініне мыналар кіреді:
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігін, даму дәрежесін негіздеу, зерттеу міндетін қою, зерттеу объектісі мен тақырыбын, мақаланың мақсаты мен міндеттерін сипаттау, оның құрылымының қысқаша сипаттамасы.
Зерттеу материалдары мен әдістері. (Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттан басқа). Жабдықтар мен материалдардың шығу тегі, деректерді статистикалық өңдеу әдістері және қайталануды қамтамасыз етудің басқа да әдістері көрсетілген зерттеу әдістемесі сипатталады.
Нәтижелер және оларды талқылау. Нәтижелерді сандармен, кестелермен, суреттермен (графиктер, диаграммалар, иллюстрациялар) сипаттау және түсіндіру.
Қорытынды. Бұл бөлім нәтижелерді талдау негізінде қорытындыларды тұжырымдауды, нәтижелерді осы тақырып бойынша бар нәтижелермен салыстыруды, нәтижелердің ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығын бағалауды қамтиды. Қорытынды толық мәтінмен жазылады, ешқандай жағдайда тізіммен жазылмайды.
Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса).
Әдебиеттер тізімі - түпнұсқа тілінде «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен қағидалары» МЕМСТ 7.1-2003-ке сай рәсімделеді және «БҚИТУ Хабаршысы» ғылыми журналының жарияланымдарына сілтемелерді қоса алғанда, кемінде 7 және 15 дереккөзден аспауы тиіс. Өзін-өзі дәйектеу жалпы тізімнің 1 (бір) атауынан аспауы керек. 5-7 жылдан аспайтын әдеби дереккөздер кемінде 3 (үш) атауды құрауы керек (әлеуметтік-гуманитарлық бағыттан басқа).
Сілтемелер мақала мәтінінде келтірілген тәртіппен орналастырылады. Мәтіндегі әдебиетке бірінші сілтемеде [1], екіншісінде - [2] және т.с.с. Кітаптың нәтижесіне сілтеме жасағанда оның әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және осы нәтиже жарияланған бет нөмірі (үтір арқылы) көрсетіледі (мысалы, [3, 107-бет]). Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға жол берілмейді.
Әдебиеттер тізіміне нормативтік құжаттар, статистикалық жинақтар, газеттерден алынған мақалалар кірмейді. Олар мәтінде келтірілгеннен кейін жақшаға алынып көрестіледі. Интернет-сайттарға сілтемелер МЕМСТ 7.5-98-ге сәйкес жүргізіледі, электрондық журналдарға басымдылық беріледі.
Егер мақала қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылса, онда транслитерацияланған әдебиеттер тізімін – «References» бөлімін көрсету қажет (бағдарламаны сайтта пайдалана отырып, тегін жүзеге асыруға болады - http://translit-online.ru немесе http://www.translit.ru).