Журнал туралы

«Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы» ғылыми журналы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мерзімді басылымы болып табылады және 2018 жылдан бастап басылып келеді.

Құрылтайшысы: ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»

Ғылыми журналда іргелі ғылыми зерттеулердің, қолданбалы ғылыми зерттеулердің, магистранттардың, докторанттардың, университеттің профессор-оқытушылар құрамының және басқа да білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерінің эксперименттік әзірлемелерінің нәтижелері көрсетіледі.

Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 07.12.2017 ж. Басылымды тіркеу туралы куәлік - №16782-Ж нөмірімен және халықаралық әлемдік мерзімді басылымдар орталығында - ISSN – 2706-6266 нөмірімен тіркелді.

Журнал ғылыми жұмыстарды келесі бағыттар бойынша жариялайды:

  • Тарих ғылымдары;
  • Филология ғылымдары;
  • Техника ғылымдары.

Журнал тоқсан сайын (жылына 4 рет) шығады, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

Рецензиялау: Журналда қос «соқыр» рецензиялау рәсімі қолданылады