ҚАРЖЫ-САУДА ЛЕКСИКАНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ДАМУЫ: ҚОР, ҚҰН ЖӘНЕ ТАУАР СӨЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202430207Кілт сөздер:
Қазақ тілінің сөздік қоры, түркі лексикасы, қаржы-экономика терминдері, қор, құн, тауар.Аңдатпа
Қазақ тілі лексикасының байлығы оның қай саласын алса да сөздік қорының молдылығы мен алуан түрлілігінен байқалады. Әсіресе осы тақырыпқа арқау болып тұрған қаржы-экономикамен байланысты сөздердің қазақ тілінде көптеп кездесуі қазақ халқының ежелден экономика мен қаржыны жақсы меңгергенінің дәлелі бола алады. Оңтүстіктегі отырықшы түркі халықтары мен тілдері арасында да қазақ тілі тері-тон, киім-кешек, ас-тағам, кен-қазба, тері-мата, зергерлік бұйымдар атауларының бай болуымен әрі түбі түркі төл сөздердің көбірек сақталуымен ерекшеленеді.
Мақалада қазақ тілінің белсенді лексикасында қолданылып келе жатқан қаржы-экономика саласы терминдері мен жекелеген атаулар талданған. Қазақ тіліндегі кейбір қаржы-экономика және сауда терминдерінің түпкі мағынасы мен этимологиясы көне және ортағасыр түркі жазба ескерткіштерінен бастап, қазіргі түркі тілдері деректері негізінде беріледі. Сөздер арасындағы семантикалық байланыстар мен қосымша дәлелдер үшін туыстас емес тілдердің материалдары да пайдаланылды. Аталған зерттеу жұмысында қазақ қаржы-экономика лексикасының ішінде негізінен түркі тілдеріне ортақ төл сөздер қамтылған. Соның ішінде «қор», «құн», «тауар» деген тілдегі белсенді сөздердің мағыналық жағынан өзгеру тарихы қарастырылып, олардың түп-төркіні жайында тұжырымдар айтылды.