ҒҰМАР ҚАРАШТЫҢ СӨЗ ҚОЛДАНЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540204

Кілт сөздер:

Ғұмар Қараш, тілдік ерекшеліктер, лексика, тіл тарихы, неологизмдер, кірме сөздер, диалектілер

Аңдатпа

Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялысы, алаш қайраткері әрі қаламгері Ғұмар Қараштың сөз қолданыс ерекшеліктері талданады. Зерттеуде қаламгер шығармаларына тән ерекше тілдік қолданыстар зат есімдер, сын есімдер, есімдіктер, жергілікті сөздер мен кірме лексиканың мағыналық және қызметтік сипаты тұрғысынан айқындалады. Тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ әдеби тілі және түркі тілдері мен ескерткіштері негізінде, сондай-ақ замандас қаламгерлердің тілімен салыстыра талдап, автордың жаңа сөз жасау мен оны түрлендіріп қолданудағы төл таңбасы көрсетіледі. Қаламгердің өз замандас тұлғалармен салыстырғандағы кірме сөздерді түпнұсқаға жақын нұсқада жиі қолдануы, жергілікті сөйленістерді пайдалануы, кітаби тілдің элементтерін мейлінше пайдалану, түркі тілдеріне тән тілдік формаларды жұмсауы секілді қырлары ашылады.

Зерттеудің мақсаты – ақын шығармаларындағы лексикалық қабаттарды (зат есім, сын есім, есімдіктер), жергілікті сөздер мен кірме лексиканың мағыналық және қызметтік сипатын айқындау, сондай-ақ автордың жеке тілдік-стильдік ерекшелігін анықтау. Осыған сәйкес зерттеу барысында Ғұмар Қараш тіліндегі көне қолданыстардың сақталуы, диалектілік элементтердің жиілігі, араб-парсы кірме лексикасын түпнұсқаға жақын күйде немесе қазақ тілінің фонетикалық заңына сәйкес қолдану ерекшелігі, сонымен қатар тілдің ішкі мүмкіндіктеріне сүйене отырып жаңа сөз жасаудағы шеберлігі анықталды. Нәтижесінде ақын тілінің ХХ ғасыр басында қазақ әдеби тілін дамытуға қосқан үлесі көрсетілді. Қайраткер сөз қолданыстарының түп-төркінін көрсете отырып, оның қаламына тән өзгешеліктерінің тарихи уәжі дәлелденді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 93

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.