XV-XIX ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ МЕН ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХИ ГЕОГРАФИЯСЫ: 1569 ЖЫЛҒЫ БАТЫС ТАРИХИ КАРТОГРАФИЯСЫНДАҒЫ ИМПЕРИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖАС ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҚОЛӨНЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Авторлар

  • Мухит-Ардагер Каржаубайулы Сыдыкназаров Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-3343-5660

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530105

Кілт сөздер:

Тарихи география; Қазақ Мемлекетінің және түркі елдерінің тарихи картографиясы; Шыңғыс хан, қолөнер, Герард Меркатор; Гийом де Рубрук; Батыс картографиясы, латын деректері; Қазақ Мемлекетінің қалалануы (урбанизациясы); Қазақ Мемлекетінің бұрын беймәлім ортағасырлық қалалары.

Аңдатпа

Мақалада XVI ғасырдағы еуропалық тарихи карталардағы Қазақ Мемлекетінің репрезентациясы қарастырылады; зерттеу автордың Қазақ Мемлекеті мен түркі елдерінің IX–XIX ғасырлардағы тарихи картографиясы мен тарихи географиясы бойынша көпжылдық еңбектеріне негізделген. Сонымен қатар карталардың картуштары мен мәтіндік блоктарын талдау және аудару арқылы Шыңғыс ханның жаулап алу жорықтарына дейінгі «бейбіт кәсібі» жөніндегі: ең алдымен ұсталық (темірші, болатшы металлург) мотиві туралы — Батыс Еуропадағы түсініктің пайда болуы мен таралуына қатысты жаңа деректер ғылыми айналымға енгізіледі. Осылайша, империяға дейінгі, жастық кезеңіндегі Шыңғыс ханның ықтимал кәсібі мен мамандығына қатысты құнды мәліметтер ұсынылады.

Моңғолдардың «Құпия шежіресімен» салыстыру (онда ұсталыққа, кәсібіне тікелей сілтеме жоқ) батысеуропалық дәстүрдің деректік құнын кемітпейді. Керісінше, XIII–XVI ғасырлардағы латын, француз және шығысхристиандық куәліктер, картографиялық ескерткіштермен (мысалы, 1569 ж. Меркатор дүниежүзілік картасының жазбаларымен) бірге, Шыңғыс ханның жастық шағындағы кәсібі туралы маңызды мәліметтерді бекітеді. Бұл «ұсталық» мотивін кездейсоқ аңыз емес, түркілік ортадағы Шыңғыс ханның шынайы әлеуметтік мәртебесін бейнелейтін дерек ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Демек, батыстық картографиялық дәстүр бұл мәліметтердің Ерте Жаңа дәуірде таралуының негізгі арнасы болды; оның бастауы XIII ғасырдағы францискандық миссионерлік дәстүрмен сабақтас.

Зерттеу Герард Меркатордың 1569 жылғы дүниежүзілік картасындағы латынша жазбаларға (онда Шыңғыс «монғол-ұста» ретінде аталады) және фр. Гийом де Рубруктың «Itinerarium» (1253–1255) латын мәтініне (онда faber — «шебер/ұста» деп айқындалады) сүйенеді. Моңғолдардың «Құпия шежіресінде» Шыңғыс ханның кәсіби ұсталығы жөніндегі хабардың жоқтығы батысеуропалық «ұсталық» мотивін маңызды дерек ретінде пайымдауға қайшы келмейді. Қорытынды ретінде бұл сюжеттің Ерте Жаңа дәуірде картографиялық арна арқылы таралғаны және оның шығу тегі XIII ғасырдағы францискандық дәстүрге барып тірелетіні көрсетіледі.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 173

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.