ЖОШЫ ҰЛЫСЫ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202420201

Кілт сөздер:

Жошы ұлысы, жазба жәдігерліктер, рухани-мәдени мұра, сабақтастық.

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ қоғамындағы ұлттық рухани-мәдени құндылықтардың тек тамырын Жошы ұлысы дәуіріндегі жазба жәдігерліктер тілінен іздестіреді. Тілдік деректер арқылы рухани–мәдени кодттарды зерделеу жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Қазақ руханияты үшін осы дәуірдегі жазба мұралардың орны мен маңызы жан-жақты дәлелденген. Зерттеудің мақсаты қазақ жұртының бір орталыққа ұйысуында, тілінің бірегейленуінде, рухани-мәдени құндылықтарының нықталуында, әдебиетінің дамуында, саяси-әлеуметтік тұрғыда әлеуетінің артуында Жошы ұлысының тікелей қатыстылығын жазба ескерткіштер тілі арқылы дәлелдеу. Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсат-міндеттері теориялық және практикалық тұрғыдан орындалған. Орта түркі дәуірі, оның ішінде Жошы ұлысы территориясында жазылған жазба мұралардың тіліндегі тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бүгінгі қазақ тілі деректерімен салыстырылып, ғылыми тұжырымдар келтірілген. Қазақ елі ұлы дала көшпенділерінің рухани-мәдени мұрагері екендігі даусыз.  Екі дәуірдегі әдеби, тілдік деректер салыстырыла зерттелгенде мұрагерлік одан сайын айқындала түседі. Сонымен қатар жазба ескерткіштердің қазақ халқының рухани-мәдени мұрасы екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Тіліміздің бойындағы ұлттық дүниетаным, ұлттық дәстүрлер, рухани-мәдени кодтар да ежелгі дәуірлерден дамып, Жошы ұлысы тұсында жетіліп, бүгінде ұлтымызды ұйыстырып отырғандығы нақты деректермен терең талданған.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-28

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 30

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.