Қ.ЖҰБАНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЕМЛЕСІ МЕН ЖАЗУЫ ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202520204Кілт сөздер:
Емле, емле ережелері, жазу, жазу заңдылықтары, латын жазуы, әліпби, алфавит, орфография, үндестік заңы, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, қосымшалар, термин сөздер, терминжасам принциптері, т.б.Аңдатпа
Бұл мақалада Қ.Жұбановтың қазақ тілінің емлесі мен жазуына, орфографиясы мен терминологиясына байланысты ғылыми көзқарастары қарастырылады.
Мақаланың негізгі мақсаты – ғалымның қазақ жазуының негізгі принциптері, үндестік заңының маңызы, латын жазуына негізделген қазақ әліпбиінің жобасы, термин сөздер мен олардың жасалуы, жазылуы туралы зерттеулерінің мәнін ашып көрсету. Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Қ.Жұбановтың ғылыми жұмыстарының басым бөлігі ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ жазуының латын графикасына ауысуына орай пайда болған теориялық және практикалық мәселелермен тығыз байланысты. Әсіресе, ғалымның қазақ жазуының фонетикалық принципке негізделуін анықтауы, осыған орай қазақ тілінің жалғамалы тілдер қатарына жататыны мен қосымшалардың әртүрлі болып үндестік заңына сәйкес жалғанатыны туралы көзқарасы, латын таңбалы қазақ жазуының емле ережелері мен жазу заңдылықтарын жетілдіру туралы пікірлері, кірме сөздер мен кейбір төл сөздеріміздің жазылуына қатысты айтқан ойлары, жазу мен әліпбиге байланысты ұсыныстары, термин сөздердің анықтамасы мен ерекшеліктері, жасалуы, сөздің терминдік ұғымы, сөз ұғымы мен ғылыми ұғымның айырмашылықтары туралы тұжырымдары, термин қабылдаудың қазақ тілінің емле ережелеріне сай принциптерін жасап ұсынуы сол кезеңдегі маңызды ғылыми жаңалықтар болып табылады. Аталған мәселелерге байланысты ой-пікірлерін ғалым мысалдармен дәлелдеп, дәйектеп отырады.