ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ «АР ІЛІМІ» ТУРАЛЫ ОЙ-ТҮЙІНДЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202510208

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, ар ілімі, ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, ар-ұждан, адалдық.

Аңдатпа

Ар – адамның моральдық бағыт-бағдарын, өзі және қоғам алдындағы ішкі жауапкершілігін анықтайтын негізгі категория. Қазіргі әлемде ар-ұжданды зерттеу және түсіну ерекше маңызды, өйткені жаһандану, технологиялық прогресс және бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін арттырумен бірге көптеген моральдық және этикалық дилеммаларға әкеледі. Ар-ұждан адамға моральдық бағдарды сақтауға және тұрақты өзгерістер мен сыртқы факторлардың қысымына қарамастан әділ әрекет етуге көмектеседі. Ар-ұжданды зерделеу шыншылдықтың, әділдіктің, басқа адамдарды құрметтеудің маңыздылығын түсінетін саналы азаматтардың қалыптасуына ықпал етеді. Қоғамдағы түрлі мәдени және моральдық құндылықтар қақтығысында бұл, әсіресе, өзекті.

Заманауи білім беру жүйесі адамгершілік тәрбиеге көп көңіл бөлуде және ар-ұждан бұл үдерістің негізгі элементіне айналуда. Көптеген қазақ ойшылдары мен ақындары ар-намыс, әділеттілік, қоғам алдындағы адамдық борыш мәселелерін көтерген. Қазақ мәдениетінде ар-ұждан әрқашан жеке сезімнен де жоғары дәрежеде қарастырылған – ол қиын-қыстау кезеңде де төзімді болуға мүмкіндік беретін ұлттық имандылықтың негізі және тұлғаның ішкі өзегі.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өз шығармашылығында «ар» ұғымына басты орын береді. Оның еңбектерінде ар-ұждан адам болмысын, оның ішкі тазалығын, өзінің және қоғам алдындағы жауапкершілігін анықтайтын ең жоғары адамгершілік категория ретінде қарастырылды. Аталған мақалада Шәкәрімнің «ар ілімі» туралы ой-пікірлері талданып, адамгершілік, ұждан мен этикаға қатысты ғылыми тұжырымдары туралы сөз қозғалады. Сонымен қатар ғұламаның дін туралы өзіндік түсініктері жан-жақты қамтылған. Абайдың толық адам концепциясын тілге тие кете отырып, ар іліміне түсінік терең беріледі. Қазіргі қоғамдағы адамгершілік тәрбиесінің маңыздылығы атап өтіліп, Шәкәрімнің «ар ілімін» білім беру жүйесіне енгізудің өзектілігі көрсетіледі. Бұл жастардың ұлттық тәрбие мен мәдениетке сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы этикалық және моральдық жауапкершіліктерін нығайтуға көмектеседі деген тұжырым жасалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-26

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 246

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.