КӨК ТҮРІК ДӘУІРІНДЕГІ ЕСКЕРІТКІШТЕРДІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202520203

Кілт сөздер:

Поэзия, көк түрік ескеріткіштері, қара сөз, эпос, ауыз әдебиеті, батырлық жырлар, жырау, дарынды өлең.

Аңдатпа

Бұл мақала көк түрік дәуіріндегі жазба ескерткіштер мен батырлық жырларының жанрлық сипаты әдебиет теориясының ғылыми танымдық тұрғысынан талданып, қазіргі қазақ поэзиясы үлгілерінің түп төркіні мен көркемдік ерекшеліктерінің тегі сол бір жазба ескерткіштерде бар ма жоқ деген мәселені айқындау мақсатында жазылғаны белгілі. Осы бір мақсатты анықтау негізінде көк түрік дәуірінің жазба ескерткіштері өлең өнеріне тән ырғақ пен ұйқас заңдылықтары тұрғысынан зерттеп-зерделеніп, қазіргі қазақ поэзиясының түр жақтағы өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктің  қалыптасуы жөнінде талдау жүргізіледі. Қазақ ауыз әдебиеті мен жазба поэзияның қалыптасуына негіз болған ырғақ пен ұйқастың алғышарттары туралы нақтылы мысалдар арқылы поэзия теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып, пайымдалатын бұл ғылыми еңбек көк түрік дәуірі жазбаларының мәтіндік мәнеріне үңіліп, оның өзінен кейінгі ауыз әдебиетімен жазба әдебиетке болған ықпал-әсері төңірегінде ғылыми тұжырым жасайды. Бұл барыста салыстыра-салғастырмалы зерттеу әдісін қолданудың маңызы өте зор болғандығын айта кетуге тура келеді. Бұл ғылыми жұмыстың нәтижесі ретінде адамдар алғашқы ой-сезімін бейнелеуде алдымен қара сөз жанрын кең көлемде қолданып, одан кейін тұрмыс-тіршілік пен рухани сұраныстың табиғат дүниесімен сәйкесті қажеттілігі негізінде ырғақтық өнер туындысы болған өлеңнің бірте-бірте жыраулық тұрғыда қалыптасқандығын көлденең тартуға болады. Сөйтіп бұл ғылыми еңбектің нәтижелерін қолдану барысында көк түрік жазба ескеріткіштерінің қара сөзге, ал жыраулық поэзия мен қазіргі қазақ өлең өнерінің ырғақтық құрылымы мен ұйқастық ерекшелігінің басым екендігін тұрақтандырады. Осы бір қорытынды тұжырым негізінде қазақ өлең өнерін көркемдік деңгейінің ұқсамауына байланысты сарынды өлең және дарынды өлең деп екі ірі топқа жіктеп қарастырғанда ғана, өлең өнерінің қандай өнер құбылысы екендігін түсіну  қиын болмайды.  

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 33

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.