Жариялау этикасы

Редакция қызметкерлері және "БҚИТУ Хабаршысы" журналының редакциялық алқасы (бұдан әрі – журнал) өз жұмысында халықаралық қоғамдастық қабылдаған жариялау этикасы қағидаттарын ұстанады, жариялау этикасы Кодексі (Committee on Publication Ethics (COPE) http://publicationethics.org)), Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Авторлық құқық туралы" Қазақстан Республикасының Заңы сияқты нормативтік-құқықтық құжаттарда келтірілген, сондай-ақ беделді халықаралық журналдар мен баспалардың тәжірибесін ескереді.

Жариялау қызметінде жосықсыз тәжірибені болдырмау үшін (плагиат, дұрыс емес мәліметтерді баяндау және т.б.) редакцияның, редакциялық алқаның әрбір мүшесі, автор және рецензент этикалық нормалар мен ережелерді сақтауға, сондай-ақ олардың бұзылуын болдырмау үшін шаралар қолдануға міндетті. Жұмыстарды қарау барысында дұрыс емес мәліметтер, плагиат, бұрын жарияланған жұмыстардың қайталануы, олардың аудармалары және басқалары анықталған кезде мақала жарияланымнан алынады. Ғылыми жарияланымдар этикасының ережелерін сақтау авторлардың зияткерлік меншікке құқықтарын қамтамасыз етуге, жарияланым сапасын арттыруға және авторлық материалдарды жеке тұлғалардың мүддесі үшін заңсыз пайдалануды болдырмауға ықпал етеді.

БАСПАГЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Өз қызметінде "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" ғылыми журналының Баспагері жариялау этикасының мынадай негіз қалаушы қағидаттарын басшылыққа алады:

Басылым этикасы стандартына сәйкес редакциялық алқа, редакторлар, рецензенттер мен авторлардың этикалық қағидаттарды орындауы үшін жағдай жасайды;

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми журналы үшін жариялау этикасы туралы Ереженің талаптарын бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде журнал редакциясына шағымды қарауда қолдау көрсету арқылы ықпал етеді;

"Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" ғылыми журналының редакциялық саясатының қағидаттарына сәйкес ашық қолжетімділік ақпаратына жататын ақпаратты қоспағанда, жарияланым процесіне қатысты барлық ақпараттық деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;

Редакцияға ғылыми, объективтілік және ашықтық қағидаттарына сәйкес, сондай-ақ рецензиялау нәтижелері негізінде журналда жариялау үшін авторлық жұмыстарды еркін таңдау мүмкіндігін береді.

РЕДАКТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Бас редактор университет бекіткен лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес құқықтарды пайдаланады және міндеттерді орындайды.

Бас редактор "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" ғылыми журналының редакциялық алқасын қалыптастыру үшін кандидатуралар ұсынуға құқылы.

Редакцияға жедел басшылықты бас редактордың орынбасары - шығарушы редактор жүзеге асырады.

Бас редактордың орынбасары - шығарушы редактор - "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" ғылыми журналының және оның барлық құрамдас бөліктерінің жоғары ғылыми деңгейлігіне жауапты;

Бас редактордың нұсқауы бойынша ол болмаған кезде бас редактордың міндетін уақытша атқарады;

"Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" ғылыми журналын Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде танымал етуге, оны Қазақстанның жетекші журналдарының қатарына ілгерілетуге ықпал етеді;

Жетекші ғалымдар мен жоғары білікті мамандарды журнал жұмысына тартуға ықпал етеді;

Бас редактордың орынбасары - шығарушы редактор бас редакторға редакция алқасы мен редакция ұжымының құрамын өзгерту, журналдың негізгі және өзгермелі айдарларының тұжырымдары бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы;

Жаршыда жариялау үшін ұсынылған материалдарды қабылдау және қабылдамау мәселелері бойынша түпкілікті шешім қабылдауға құқылы.

Редакцияның қызметіне тікелей басшылықты редакцияның жұмысын ұйымдастыруды, оның осы Ережеде айқындалған қызметтерді орындауын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жауапты редакторлар;

Жауапты редакторлар баспа материалдарын жоспарлау, уақтылы және сапалы дайындау бойынша редакцияішілік жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;

Редакцияның кезекті және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлейді және оларды бас редакторға қарау үшін ұсынады;

Жетекші мамандардың ғылыми мақалаларға рецензиялауын ұйымдастырады;

Шығару кестесіне сәйкес материалдарды уақтылы, сапалы дайындауды және өндіріске тапсыруды ұйымдастырады;

Журнал нөмірінің түпнұсқа макетін дайындауды басқарады;

Материалдарды жиынтыққа тапсыруды орындауға жауап береді, нөмірдің өтуін бақылайды, қажеттілігіне қарай түзетулер енгізеді, баспамен (баспаханамен) байланысты жүзеге асырады;

Хабарландыруларды журналға орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Ұйымдармен, рецензенттермен, аудармашылармен (қажет болған жағдайда) шарттардың жобаларын дайындайды, жасалған шарттардың талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесіп өткізілетін жекелеген іс-шаралар шеңберінде жүзеге асырылатын редакцияның қызметін үйлестіреді.

Жауапты редакторлар редакцияның қарауына ғылыми журнал жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;

Редакцияның жекелеген мамандарын шұғыл мәселелерді бірлесіп шешуге тартуға құқылы.

Жаршыны жарыққа дайындау бойынша ұйымдастырушылық, редакциялық және техникалық жұмысты жаршының техникалық редакторлары жүзеге асырады.

Техникалық редакторлар келесі қызметтерді орындайды:

  • Хабаршы нөмірінің түпнұсқа-макетін дайындауды жүзеге асырады;
  • келіп түскен материалдарды қабылдауды, тіркеуді және сақтауды, материалдарды баспаға іріктеуді жүзеге асырады;
  • жетекші мамандардың ғылыми мақалаларды рецензиялауын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
  • басылым авторлармен жұмысты жүзеге асырады: қолжазбаны редакцияға электронды түрде тапсыруға дайындау талаптарына сәйкес болуы жөнінде авторларға кеңес береді;
  • қолжазба дұрыс ресімделмеген жағдайда және рецензиялаудан кейін пысықталған жағдайда, баспа материалын сапалы дайындауды және өндіріске тапсыруды қамтамасыз ете отырып, хат алмасуды жүргізеді;
  • редакцияға келіп түскен мақалаларды тіркеу деректерінің электрондық Мұрағатын, авторлар мен рецензенттердің картотекасын жүргізеді;
  • қолжазба авторларымен шарт жасасу, тіркеу, сақтау, орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • жазылу арқылы Хабаршыны тарату бойынша жұмысты жүзеге асырады;
  • авторлар мен абоненттерге (оқырмандарға) Хабаршыны уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;
  • ақпараттық материалдарды журналға орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • материалдарды жариялау статистикасын жүргізеді, және осы мәліметтерді жауапты редакторларға ұсынады;
  • журнал туралы ақпаратты желілік ортаға орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

Техникалық редакторлар осы Ережеде көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге құқылы;

Бас редакторға , шығарушы және жауапты редакторларға лауазымдық міндеттерін орындау барысында анықталған барлық кемшіліктер туралы хабарлау және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу;

Редакция басшылығының рұқсатымен редакцияның барлық (жекелеген) мамандарын өздеріне жүктелген міндеттерді шешуге тарту.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

"Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" журналының редакциялық алқасының мүшелері журналды дамытуға, жетілдіруге, журналды халықаралық дерекқорларға жылжытуға жауапты, пікір бостандығы қағидаттарын ұстануға, журнал авторлары мен оқырмандарының ғылыми және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыруға, журнал авторының, рецензенттің және баспагердің коммерциялық мүдделерінің журнал туралы шешім қабылдауға әсерін болдырмауға тиіс материалдарды жариялау, сондай-ақ ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауы тиіс, жариялау процесінің барлық кезеңдерінде ақпараттық деректердің құпиялылығын қорғау.

Редакция алқасының мүшелері журналда авторлар ұсынған материалдарды жариялау туралы шешім қабылдауға жауапты. Редакция алқасының мүшелері қолжазбаларды нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни сенімдеріне, этникалық тегіне, азаматтығына, авторлардың саяси көзқарастарына немесе коммерциялық ойларына қарамастан интеллектуалды мазмұны бойынша бағалауы керек.

Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдау. Редакцияға ұсынылған мақалалардың қайсысы жариялануға тиіс екендігі туралы шешімді ресімдеу, плагиат талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде және ғылыми рецензиялау нәтижелері бойынша журнал редакциясы қабылдайды. Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдаған кезде редакциялық алқа журнал саясатын және жариялау этикасын басшылыққа алады, плагиат белгілері бар мақаланы жариялауға, ғылыми этика қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын бұзуға және авторлық құқықты бұзуға жол бермейді.

Редакция алқасының мүшелері әдепті емес мінез-құлық, плагиат, өзін-өзі плагиат, авторлардың шамадан тыс өзінің еңбектеріне сілтеме жасау, мүдделер қақтығысы белгілері бар мақалалар жариялануын болдырмауға жауапты. Егер мақаланы жазу кезінде жариялау және/немесе ғылыми этика қағидаттары бұзылған жағдайда, журналдың шығарушы редакторы редакциялық алқа шешімінің негізінде жариялымның авторға(ларға) кері қайтарылуын/басылымнан алып тасталуын  (ретракция) қамтамасыз ету керек. Мақалаларды автор(авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып ала алады. Редакция жарияланымдық және/немесе ғылыми этика бұзылған жағдайда жарияланған мақалаларды жарияланымдық этика кодексіне сүйене отырып СОРЕ http://publicationethics.org. алып тастауды (ретракциялауды) жүзеге асырады Мақала келесі жағдайда кері қайтарылады/алып тасталады (ретракцияленеді):

  • егер алынған деректердің сенімсіз екендігі немесе заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;
  • қолжазбаны "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" журналында жарияланғанға дейін басқа басылымда жариялау фактісі анықталса;
  • мақалада плагиат табылса, оның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т.б. рұқсатсыз пайдалану;
  • мақалада басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктердің болса, мысалы, есептеу немесе эксперимент қателігі;
  • үшінші тұлғалар тарапынан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқықтар туралы шағымдары пайда болса;
  • мақалада жариялау және/немесе ғылыми этика қағидаттарына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпаратты болса.

Жоғарыда аталған жағдайларда журналдың редакциялық алқасы тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарылып алынуы/алып тасталуы (ретракциялануы) мүмкін. Ол үшін басылымнан мақаланы кері қайтару туралы акт жасалады, оны бас редактор немесе шығарушы редактор растайды және қол қояды. Мақаланың хат-хабар үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.

Осыдан кейін журналдың сайтында себептерін көрсете отырып, ретракцияленген деп мақала белгіленеді. Редакция мақаланы кері қайтарылып алынуы (ретракциялау) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақаланы кері қайтарылып алынуы (ретракциялау) жүргізілген рәсімнен кейін, журналдың кейінгі санында ақпаратты орналастырады.

"Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" журналының редакциясы жарияланған басылымдарда анықталған бұзушылықтар туралы барлық негізделген өтініштерді жауапкершілікпен, объективті және мұқият қарайды.

Құпиялылық принципі. Қолжазбаны қарау кезеңінде (ол жарияланғанға дейін) редакторлар мен редакциялық алқа мүшелері ол туралы ақпаратты авторлардан, тағайындалған рецензенттерден және баспагерден басқа ешкімге бермеуі тиіс. Қарауға алынған кез-келген қолжазба құпия материал ретінде қарастырылуы керек. Қолжазбалар бас редактор немесе шығарушы редактордың рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға көрсетілмеуі және олармен талқыланбауы керек.

Редакциялық алқа мүшелері қабылданбаған қолжазбалар авторлардың жазбаша келісімінсіз редакциялық алқа мүшелерінің өз зерттеулерінде пайдаланылмауын қамтамасыз етеді.

Этикалық емес мінез-құлық туралы шағымдарды қарау. Редакция алқасының мүшелері қолжазба авторы(лар)ның және "Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" журналында жарияланған мақалалардың этикаға жат мінез-құлқ туралы әрбір шағымды түскен уақытына қарамастан жеке-жеке қарауға тиіс. Редакция алқасының мүшелері мұндай талаптарға қатысты объективті және тиісті шаралар қабылдауы керек. Шағымның дәлелдері расталған жағдайда редакциялық алқа мүшелері қолжазбаны жариялаудан бас тартуға және хат-хабар үшін автормен одан әрі ынтымақтастықты тоқтатуға, тиісті теріске шығаруларды жариялауға, сондай-ақ автордың(лардың) этикалық емес мінез-құлқының одан әрі жолын кесу үшін өзге де шаралар қолдануға құқығы бар.

Редакциялық алқа мүшелері журналда жариялау үшін ұсынылған мақалалар мен басқа да материалдарды рецензиялауға қатысуға әртүрлі салалардағы сарапшыларды белгіленген тәртіппен тартуға құқылы.

РЕЦЕНЗЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

"Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Хабаршысы" журналының рецензенттері объективтілік қағидатын басшылыққа алуға міндетті.

Қолжазба авторына(авторларына) жеке сын айтуға болмайды. Рецензент өз ескертулерін дәлелдеп, қолжазбаны қабылдау немесе оны қабылдамау туралы шешімін негіздеуі керек.

Автордың (авторлардың) ұлты, діни қатыстылығы, саяси немесе өзге де көзқарастары ескерілмеуі және қолжазбаны рецензенттің (рецензенттердің) рецензиялау процесінде ескерілмеуі тиіс.

Рецензент жасаған сараптамалық бағалау редакцияның басылым туралы шешім қабылдауына ықпал етуі және авторға қолжазбаны жақсартуға көмектесуі керек.

Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім, жұмысты авторға өзгертуге немесе пысықтауға қайтару немесе жарияланымға қабылдамау туралы шешімді редакциялық алқа рецензиялау нәтижелеріне сүйене отырып қабылдайды.

Уақытылы қарау принципі. Рецензент рецензияны редакция белгілеген мерзімде ұсынуға міндетті. Егер мақаланы қарау және рецензияны белгіленген мерзімде дайындау мүмкін болмаса, онда рецензент бұл туралы шығарушы редакторға немесе жауапты редакторға дереу хабарлауға тиіс.

Рецензент тарапынан құпиялылық қағидаты. Рецензентке рецензиялауға берілген қолжазба құпия материал ретінде қарастырылуы керек.

Рецензиялау және жариялау процесін қамтамасыз ету барысында алынған ақпарат пен ғылыми жұмыс идеяларын рецензент(тер) жеке пайда алу үшін пайдаланбауы тиіс.

Дереккөздерді растау принципі. Рецензент қарастырылып отырған қолжазбаның зерттеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, бірақ автор(лар) келтірмеген ғылыми жұмыстарды көрсетуі керек. Сондай-ақ, рецензент шығарушы редактор немесе жауапты редактордың назарын қарастырылып отырған қолжазба мен ол туралы бұрын жарияланған жұмыс арасындағы айтарлықтай ұқсастыққа немесе сәйкестікке аударуға міндетті.

Рецензент жауапты редакторға қолжазбада ұсынылған зерттеулерге шолу жасау үшін өзінің қабілетсіздігін сезінетін немесе қолжазбаны тезірек қарау мүмкін емес деп санайтынын хабарлауға және рецензиялау процесінен өзін алып тастауға құқылы.

АВТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жариялау этикасы келесі принциптерді сақтауға негізделген:

Бір реттік жарияланым. Автор(лар) редакцияға ұсынылған мақаланың қолжазбасын басқа басылымдарға қарау үшін ұсынылмауын қамтамасыз етеді. Қолжазбаны бірнеше журналдарға/басылымдарға бір уақытта ұсыну қолайсыз және жариялау этикасының принциптерін, стандарттары мен нормаларын өрескел бұзу болып табылады.

Қолжазбаның авторлығы. Қолжазбаны дайындауға ең көп зияткерлік үлес қосқан Автор (екі немесе одан да көп бірлескен авторлар болса) негізгі автор болып табылады және авторлар тізімінде бірінші болып көрсетіледі, ал хат-хабар үшін автор «*» жұлдызшасымен көрсетіледі.

Әр мақала үшін хат-хабар үшін автор тағайындалуы керек, ол мақаланың соңғы нұсқасын дайындауға, редакциялық алқамен байланыс орнатуға жауап береді, зерттеуге жеткілікті үлес қосқан барлық қатысушылардың (авторлар саны біреуден көп болса) авторлар тізіміне қосылуын қамтамасыз етуі керек, сондай-ақ редакцияға ұсыну үшін барлық авторлардан қолжазбаның соңғы нұсқасының жариялау үшін мақұлдауын алуы керек. Қолжазбада/мақалада көрсетілген барлық авторлар жұмыстың мазмұнына жауап береді.

Түпнұсқалық принципі. Автор(лар) қолжазбада көрсетілген зерттеу нәтижелері өзіндік жұмыс болып табылатындығына және жариялау процесінде анықталуы мүмкін мәліметтерді дұрыс рұқсатсыз пайдаланбауына және плагиат болмайтындығына кепілдік беруі тиіс.

Авторлар этикалық емес мінез-құлық, плагиат, өзі-өзіне плагиат, өзі-өзіне сілтеме, бұрмалау, ойдан шығару, деректерді бұрмалау, жалған авторлық, қайталану, мүдделер қақтығысы және алдау белгілері бар мақалаларды жарияламауға жауапты.

Дереккөздерді растау принципі. Автор(лар) зерттеу барысында пайдаланған ғылыми және өзге де дереккөздерді дұрыс көрсетуге міндеттенеді. Басқа біреудің шығармаларының қандай да бір бөліктерін пайдаланған және/немесе басқа автордың(авторлардың) мәлімдемелерін қолдануға алған жағдайда қолжазбада бастапқы дереккөздің авторы(лары) көрсетілген библиографиялық сілтемелер көрсетулері тиіс. Күмәнді көздерден алынған ақпарат қолжазбаны ресімдеу кезінде пайдаланылмауы қажет.

Егер журналдың рецензенттерінде, редакторларында, редакция алқасының мүшелерінде зерттеу нәтижелерінің шынайылығы мен дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, автор(лар) қолжазбада келтірілген нәтижелерді немесе фактілерді растау үшін қосымша материалдар ұсынуы тиіс.

Жариялау этикасын сақтау принципі. Авторлар зерттеулерге қатысты сынға немесе ескертулерге, сондай-ақ рецензиялау және жариялау бойынша редакциямен өзара әрекеттесуге қатысты этикалық нормаларды сақтауға міндетті. Авторлардың этикалық қағидаларды сақтамауы басылым этикасын өрескел бұзу ретінде қарастырылады және қолжазбаны рецензиядан және/немесе басылымнан кері қайтарылып алынуына/алып тасталуына негіз береді.

Мақалада елеулі қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда, оны қарау кезеңінде автор(лар) қолжазбаны/мақаланы қайтарып алуға құқылы.

ЖАРИЯЛАУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚАТЕЛЕРДІ ТҮЗЕТУ

Жариялау процесінің кез келген сатысында жұмыста қателер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда авторлар бұл туралы шығарушы редакторға немесе жауапты редакторға шұғыл түрде хабарлауы және журналдың сайтында түсініктемелермен (Erratum немесе Corrigendum) тиісті түзетулер жариялануы керек. Қатені жоюға немесе түзетуге көмек көрсетуге тиіс. Мақаланы редакцияда қарастыру кезеңінде өрескел қателер (формулалардағы қателер, техникалық себептер бойынша көрсеткіштерде) немесе түзету мүмкін емес дәлсіздік анықталған жағдайда, автор(лар) қолжазбаны/мақаланы кері қайтарып алуы тиіс.

Редакция материал жарияланғаннан кейін авторлар мен рецензенттер анықтаған қателіктер мен бұзушылықтар туралы редакцияға мүмкіндігінше жедел хабарлауды авторлар мен рецензенттердің жауапкершілігі мен міндеті деп санайды.

Жарияланған мақалаларда өрескел қателер анықталған жағдайда, түзетулер туралы ақпарат келесі нөмірлерде орналастырылуына болады.

Журналдың редакциясы қажет болған жағдайда журнал нөмірлерінде жарияланған материалға қатысты түзетулер, түсініктемелер, кешірім сұрау, теріске шығару және пікір жариялауға әрқашан дайын.

АШУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСТАРЫ

Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған деректерді автордың жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерде пайдалануға болмайды.  Рецензиялау кезінде алынған және ықтимал артықшылықтармен байланысты ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке пайда алу мақсатында пайдаланылмауы тиіс.

Рецензенттер ұсынылған жұмысқа байланысты кез келген авторлармен, компаниялармен немесе басқа ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарауға қатыспауға тиіс.

Барлық мүдделі тұлғалар (авторлар, рецензенттер, редакторлар және журналдың редакциялық алқасының мүшелері) мүмкіндігінше жарияланымның барлық кезеңдерінде кез келген вариацияда мүдделер қақтығысының туындауын болдырмау қажет. Қандай да бір мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, осы қақтығысты ашқан адам бұл туралы редакцияға дереу хабарлауы керек. Сол сияқты бұл ғылыми этика принциптерін, стандарттары мен нормаларын және кез келген басқа да бұзушылықтарға қатысты.

Жоғарыда айтылмаған авторлардың, редакторлардың және рецензенттердің этикалық мінез-құлық нормаларын бұзудың ықтимал жағдайлары жарияланым этикасы туралы Комитеттің ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулығының негізінде шешілетін болады (COPE http://publicationethics.org).