ҚАЗАҚ ЖАЗУ ТЕОРИЯСЫНЫҢ  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Қалыбаева Қаламқас Сейдуллаевна Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6821-3879

DOI:

https://doi.org/10.62724/202440204

Кілт сөздер:

Жазу теориясы, морфологиялық принцип, фонетикалық принцип, біріккен сөздер.

Аңдатпа

Қазақ жазуын латын негізді  әліпбиге көшіру  мәселесіне байланысты тілші ғалымдар арасындағы   ғылыми айтыстар қазақ тіл білімінің  өткеніне сын көзбен қарап бағамдауына, ұлттық жазу теориямызда жіберілген қателіктер мен кем-кетіктерімізді дұрыс бағамдауға үлкен мүмкіндік туғызды.  Соның арқасында қазақ ғалымдары   өткенге қайта көз салып, жазуымыздың қай жерден адасқанын қоғам боп саралауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырған  қазақ жазу теориясы сол алаш арысының өзімен бірге  Кеңестік репрессияның құрығына ілініп, келмеске кеткенін көрдік. Яғни  бүгінгі қолданыстағы қазақ жазуы Ахмет қалыптастырған нағыз ұлттық жазу теориясынан қасақана  адастырылған, нағыз сол Кеңестік репрессия күндерінің қауіп-қатерін бойына  сіңірген, сол қатерлі күндермен қатар өрілген, Ахмет сөзімен айтсақ  орыс жазу теориясына сыйғызу үшін жіппен буып-түйілген «қытай қызының аяғындай» өз табиғатынан     «шатасқан»  бір жазу болып шыққанына көзіміз жетті. Қазіргі дейінгі жалғасып отырған бұл қателіктерден арылуда бір топ ғалымдар әлі де орыстанған емле ережелерінен бас тартпауға шақырып отыр.  Олардың айтуынша, бұл ережелер орыс емле ережелері емес, өз тіліміздің қажеттілігінен туындаған-мыс. Бүгінгі бұл мақаламызда біз осы жайлы бірқатар дәлелдер келтіргіміз келеді. Мақалада қазақ жазуының шешімін таппай жүрген осындай бірқатар  мәселелері тарихи тұрғыдан сөз болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-20