ТҮРІК ТІЛДЕРІНІҢ ОРТАҚ ТЕРМИНҚОРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620203Кілт сөздер:
Түрік тілдері, терминология, жалпытүрік терминқоры, терминжасам, терминалмасым, ғылым тілі, түркітану.Аңдатпа
Мақалада түрік тілдерінің ортақ терминқорын қалыптастырудың тарихи алғышарттары, теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық жолдары қарастырылады. Зерттеу ХХ ғасыр басындағы түркітанулық ізденістерге, 1924 жылғы Орынбордағы қазақ білімпаздарының съезі мен 1926 жылғы Баку түркология съезінің материалдарына сүйенеді. Кеңестік тіл саясатының түрік халықтарының әліпбиіне, емлесіне және терминологиялық жүйесіне тигізген ықпалы талданып, ортақ терминқор жасаудың кешеуілдеу себептері айқындалады. Қазақ, әзербайжан және өзге түрік халықтарының терминжасам ұстанымдары салыстырылып, жалпытүріктік терминологиялық қорды толықтырудың ішкі және сыртқы көздері сараланады. Сонымен бірге ортақ терминдерді іріктеу, біріздендіру, бекіту және стандарттау тетіктері ұсынылады. Зерттеу нәтижелері жалпытүрік ғылыми кеңістігін кеңейтуге, туыс халықтардың өзара түсінісуін күшейтуге және ғылым тілін үйлестіруге негіз болады. Автор бұл үдерістің табысы терминқор қалыптастырудың ортақ қағидаттары мен тұрақты институционалдық үйлестіруге тәуелді екенін көрсетеді. Сондықтан мәселе халықаралық деңгейде жүйелі және келісілген түрде қарастырылуы қажет.