ӘБДУӘЛИ ҚАЙДАРОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Абдульманов Алтынбек Абуталиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университі Автор https://orcid.org/0000-0003-3448-7251

DOI:

https://doi.org/10.62724/202520202

Кілт сөздер:

қағидат, терминология, қазақ тілі, халықаралық терминдер, балама, терминжасам, тілге тірек

Аңдатпа

Бұл мақалада филология ғылымдарының докторы, академик Әбдуәли Қайдаровтың 1993 жылы жарық көрген «Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас» атты еңбегінде баяндалған ғылыми принциптерге терең талдау жасалады. Тәуелсіздік алған тұста ұлттық тіл саясаты жаңа бағыт алып, қазақ терминологиясын жүйелеу, бірізділендіру, ғылыми негіздеу мәселесі күн тәртібіне шықты. Осы кезеңде Ә.Қайдаров ұсынған он бір қағидат – терминологиялық саланы реформалауға бағытталған ғылыми тұжырымдар жүйесі ретінде танылды. Мақалада аталған еңбектің теориялық негіздерін зерделеу арқылы автор алдына оның ғылыми-методологиялық мәнін ашу, ұлттық терминжасамдағы орнын көрсету және қазіргі мемлекеттік терминология саясатына ықпалын анықтау мақсатын қояды.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында зерттеудің бірнеше міндеттері айқындалады: біріншіден, Ә.Қайдаров тұжырымдаған он бір қағидаттың мазмұнын саралап сипаттау; екіншіден, бұл принциптердің бұған дейінгі ғылыми ұстанымдармен сабақтастығын анықтау; үшіншіден, аталмыш қағидаттардың терминологиялық жұмыстарды жүйелеудегі рөлін көрсету; сондай-ақ, осы тұжырымдарға қатысты ғылыми қауымдастықтағы пікірлер мен ұстанымдарды жинақтап, мысалдармен негіздеу.

Мақалада осы міндеттерді шешу үшін бірнеше ғылыми әдіс қолданылады. Ең алдымен, салыстырмалы талдау әдісі арқылы Ә.Қайдаров ұсынған қағидаттар мен кеңестік кезеңдегі терминологияға негіз болған ережелер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар сараланады. Сонымен қатар, контенттік талдау әдісі арқылы ғалымның еңбегіндегі тұжырымдарға жан-жақты талдау жасалып, негізгі идеялары жүйеленеді. Қағидаттарды реттеу мен мазмұндық құрылымын айқындауда жинақтау мен жүйелеу, ал олардың тарихи және әлеуметтік-мәдени маңызын ашуда тарихи-ғылыми әдіс қолданылады. Бұл әдістердің үйлесімді пайдаланылуы зерттеудің ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді.

Мақалада ғалымның ұсынған қағидаттарының әрқайсысына жеке тоқтала отырып, олардың практикалық маңыздылығы мен терминологиялық жұмыстарды үйлестірудегі қызметі талданады. Осы тұжырымдардың бірқатары ұлттық тілді дамыту, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру сияқты кең ауқымды мәселелермен де сабақтасып жатқандығы көрсетіледі. Әсіресе, Ә.Қайдаровтың терминология мәселесін дер кезінде көтеріп, ұлттық терминжасамға бағыт берген ғылыми ізденістері, кейінгі зерттеулер мен Мемлекеттік терминологиялық комиссияның қызметіне ықпал еткені нақты дәйектермен дәлелденеді.

Сонымен қатар, мақалада бұл қағидаттардың ғылыми қауымдастық тарапынан әркелкі қабылданғаны да көрсетіледі. Мәселен, Өмірзақ Айтбаев, Шерубай Құрманбайұлы сынды танымал ғалымдар олардың ғылыми негізділігін мойындай отырып, кейбір тұстарға қатысты сын-пікірлер білдірген. Бұл пікірлер мақаланың ғылыми объективтілігін арттырып, ұсынылған принциптердің жан-жақты қарастырылуына мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде, Ә.Қайдаров еңбегінің ұлттық терминологияны жүйелеудегі векторлық бағыты, методологиялық мәні және қазіргі кезең үшін де өзектілігі ғылыми негізде тұжырымдалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 65

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.