ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТІЛ БІЛІМІ ТЕРМИНДЕРІНІҢ АНЫҚТАЛУЫ МЕН ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • Абдульманов Алтынбек Абуталиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0003-3448-7251
  • Макашева Фарида Нагимуллиевна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-4716-7551

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540202

Кілт сөздер:

Cөздік, түсіндірмелі сөздік, терминографиялық зерттеулер, қазақ түсіндірмелі сөздігінің дамуы, этимологиялық сөздіктер.

Аңдатпа

Мақаланың  мақсаты – қазақ тіл білімі терминдерінің арнайы топталып сөздіктерге тізілу жайы мен оларды ғылыми тұрғыдан бағаланып, ғылыми анықталуын зерделеу. ХХ ғасырдың басында сөздік шығару мәселесі оқу-ағарту ісімен қатар жүргізіліп алғашқы сөздіктердің басты көздегені арнаулы мақсаттағы сөздерді оқырманға түсінікті, таныс ету болса, келе-келе сөздердің терминденуін, арнайы қолданысын зерделеніп ғылыми негізде анықтама беріле бастады. Осы орайда зерттеу жүргізу кезінде  сөздіктердің мәнісі мен түрлеріне тоқталап сипаттау, анықтау, талдау әдістері қолданылды.

Түсіндірме сөздіктердің қазақ тілі білімінде пайда болу кезеңдері мен ерекшеліктерін арнайы мәселе ретінде қарастырған  Р.Сыздық, Т.Жанұзақ, Ш.Құрманбайұлы, А.Салқынбай секілді қазақ ғалымдарының берген анықтамалары негізге алынып салыстырулар жүргізілді. Терминография мәселесін арнайы зерттеген Ербол Әбдірәсіловтың еңбегі арнайы қаралып ғылыми зерттелу бойынша сөздік түзу үдерістерінің кезеңдері көрсетілді. Бүгінгі таңдағы терминдердің топтастырылу, жүйелеу мәселелері талданылды.

Зерттеу жұмысының нәтижелері мен түйіндері тіл білімі терминдерінің кеңестік дәуірде сөздіктерге қойылатын талаптарға сай тезарустық жүйеге келтіріліп, тіл білімі терминдерінің, орыс тілінегі баламаларына сүйене отырып ғылыми анықтамалары жасалғандығы дәлелденді. Зерттеу бағыты түсіндірмелі сөздіктердің мәнін, бүгінгі тіл білімі мамандары жете түсінуі үшін құнды саналады. 

Түсіндірме сөздіктердің жүйелілігі және ондағы лексикалық бірліктердің бірізділігі тіл білімі терминдерінің ұлттық негіздегі үлгілерін саралауға жол ашады. Осыған дейінгі жылдарда «халықаралық» деп айдар тағылып, шын мәнінде, жат тілдік сипаттағы сөздік қабаттардан сатылы түрде арылуға мүмкіндік беретіндігін назарға алуымыз керек.

Зерделенген ілімнің ұлттық тілімізде сақталып, ғылым кәдесіне жарауы үшін маңызды болып табылады. Тіл мамандары, ғылыми зерттеу жүргізуші магистранттар мен студенттер үшін пайдалы зерттеу мақала деп есептейміз.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяны

  • Макашева Фарида Нагимуллиевна, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    Шетел тілдері  және аударма ісі

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 181

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.