КӨНЕ ТҮРІК БІТІГ ЖАЗУ ТАҢБАЛАРЫНЫҢ СЕМАНТИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610208Кілт сөздер:
Түрік бітіг, жазу мәдениеті, таңба семантикасы, әліпби жүйесі, жазу тарихы.Аңдатпа
Тіл – мәдениеттің негізі. Мәдениеттің басты мақсаттарының бірі өзі жасаған құндылықты басқаларына таныстыру. Автохтонды негізді жазулар аталмыш этностың тілі мен мәдениетімен тығыз байланысты. Тілдің құралы, мәдениеттің жауһары.
Тарихи тамыры ғасырларға созылатын көптеген этникалық топтар «тіл-ой-жазу» мәдени жүйесін құрды. Бұл процесс осы халықтардың рухани шығармашылығын көрсетеді. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты – көне түркілердің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдениетінің катализаторы, көне түркі мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылатын көне түрік бітіг жазуының түркілердің өз туындысы екендігін дәлелдеу. Сондай-ақ, көне түркі мәдениеті мен жазуының әлем жазу мәдениетіндегі орнын анықтау. Жазу тарихы ғылымы негізінде көне түрік бітіг жазуының ішкі және сыртқы ерекшеліктерін ашып, жазу таңбаларының қалыптасу кезеңдеріне үңіле отырып, жазу таңбаларының архетипін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін біз жазу тарихы ғылымының негізінде түрік бітіг жазу таңбаларына семантикалық талдау жасау, әріп таңбаларының архетипін талдау, олардың мағыналық танымдарын талдау әдістерін қолданамыз. Осы талдаулар арқылы көне түрік бітіг жазуының автохтондық негізділігін дәлелдеп, әлем жазу тарихындағы орнын анықтайтын боламыз.