XVI ҒАСЫРДА КАСТАМОНУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ОҒЫЗДАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202520102

Кілт сөздер:

Оғыз, Түрікмен, Анадолы, Солтүстік-Батыс Анадолы, көші қон

Аңдатпа

Оғыздар түрік тайпаларының ішінде маңызды орынға ие. Түріктер көшпелі өмір салтының қажетілігімен тарих бойы көптеген тайпа, ру және қауымдарға бөлінген. Солардың ішіндегі ең үлкен бұтағы – оғыздар. Сан жағынан оғыздар ең көп халық болған. Қыпшақтар болса, географиялық жағынан ең кең аумаққа таралған. Түрік тілі де тарихта және қазіргі кезде осы екі тайпаның сөйлеген диалектілеріне қарай қалыптасқан. Түрік тілінің көптеген диалектісі болғанымен, ең көп қолданылатыны – оғыз және қыпшақ диалектілері. Оғыздардың ислам дінін қабылдағандары түркмен деп аталып, кейіннен олардың барлығы дерлік мұсылман болған. Анадолыны жаулаған түріктердің басым бөлігін осы түркмендер құраған. 1071 жылғы Малазгирт жеңісінен кейін мыңдаған түркмен Иран мен Кавказ арқылы Анадолыға ағылды. XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы түркмендердің екінші көшіне себеп болды. XVI ғасырда Анадолының оңтүстігі, солтүстігі және батысының көп бөлігі түркмендермен қоныстанды. 1487 жылдан бастап, яғни Осман кезеңінде жүргізілген санақтардан Анадолыға, әсіресе Кастамону аймағына келген оғыз/түркмен тайпалары, рулар мен қауымдарды жиі көруге болады. Бұл зерттеуде XVI ғасыр деректеріндегі оғыз/түркмен тайпаларының Кастамону аймағындағы бар болуы мен қоныстанған жерлері қарастырылады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 84

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.