АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЖАЗБАША ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІН ҮЙРЕНУДІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202510207Кілт сөздер:
Алтын Орда, жазба ескерткіштер, қыпшақ-оғыз тілі, түркі тілдері, қазақ тіліАңдатпа
Мақалада Алтын Орда дәуірі жазба ескерткіштері түркі тілдерін зерттеудің басты арнасы ретінде қарастырылған. Өйткені ортағасырларда бір тұтас тіл қалыптасса да жазба ескерткіштерде қыпшақ элементтері мен оғыз элементтері аралас келіп отырған. Дегенмен аралас тілдік сипатта болса да ескерткіштердің жазылу территориясына қарай лексикасында бір тілдің басым екені аңғарылады. Зерттеу барысында дәйекті деректер берілген.
Сонымен қатар Алтын Орда тұсындағы тілдік үдерістер қазақ халқын құраған ру- тайпалардың бас қосып, өз алдына жеке хандық болып құрылу үрдістерімен қатар жүрді. Алтын Орда дәуірі ескерткіштерін зерттеу ісі, біріншіден тіл тарихы мен ұлт тарихының сабақтастығын, екіншіден қазіргі қазақ тіліне бұл жәдігерліктердің қатысы қаншалықты дәрежеде, қазақ тілінің орта түркі тілінен аларүлесі қандайдеген өзекті мәселелерді анықтау үшін қажет екені рас.
Мақалада Құтыптың«ХұсрауменШырын», СейфСарайидің«Гүлистанбит-түрки»,Хорезмидің«Мұхаббат-наме», Махмуд бин-Алидің «Нахдж әл – Фарадис» атты шығармаларының зерттелуі жан-жақты талданған. Зерттеудің басты мақсаты жазба ескерткіштердің тілі туралы әртүрлі пікірлер елеп-екшеп, бір тұжырымға келу. Авторлар өз ғылыми пікірлерін ұсынған. Бүгінгі түркі тілдерінің, оның ішінде қазіргі қазақ тілін зерттеуде жазба мұралардың мол дерекөз бола алатындығы дәлелденген.