ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК КӨПІР РЕТІНДЕГІ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202510104Кілт сөздер:
Ғұндар, Түрік қағанаты, Алтын орда, Юан патшалығы, Ұлы жібек жолы, Нұрлы жол, «Бір белдеу, бір жол».Аңдатпа
Бұл мақалада Ұлы Жібек жолының тарихи қалыптасуы, даму кезеңдері және оның Қазақстан аумағындағы орны жан-жақты қарастырылады. Ежелгі Қытай жазба деректеріне сүйене отырып, Жібек жолының тек сауда қатынастарын дамыту құралы ғана емес, сондай-ақ Батыс пен Шығыс өркениеттерінің мәдени және экономикалық ықпалдасуының маңызды көпірі болғаны ғылыми негізде дәлелденеді. Қазақстан аумағының бұл тарихи жолдағы стратегиялық маңызы сараланып, оның халықаралық байланыстар жүйесіндегі рөлі талданады. Ғұндар, Үйсіндер, Түрік қағанаты, Алтын Орда және басқа да ірі мемлекеттердің Ұлы Жібек жолының қызмет етуіне тигізген ықпалы сипатталады. Сонымен қатар, мақалада заманауи геосаяси және экономикалық процестер аясында Қазақстанның Жібек жолын қайта жаңғыртудағы рөлі қарастырылады. Бұл тұрғыда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының өзара сабақтастығы мен ықпалдасуы жан-жақты талданады. Зерттеу барысында тарихи-хронологиялық әдіс арқылы Ұлы Жібек жолының қалыптасу кезеңдері жүйелі түрде зерделенді. Компаративті талдау тәсілі негізінде Қазақстан мен Қытай дереккөздеріндегі мәліметтер салыстырылып, олардың ортақ тұстары мен айырмашылықтары айқындалады. Сонымен қатар, құрылымдық-функционалдық талдау әдісі қолданылып, Ұлы Жібек жолының экономикалық, мәдени және саяси аспектілерінің өзара байланысы мен тарихи эволюциясы қарастырылады.