АЛТЫН ОРДА -ҚЫПШАҚ ДӘУІРІ ЖАЗБА МҰРАЛАРЫНДАҒЫ ҒАЛАМНЫҢ КОНЦЕПТУАЛДЫ МОДЕЛІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202440206

Кілт сөздер:

Жазба ескерткіштер, ғаламның концептуалды моделі, фразеологизмдер, қыпшақтар, рухани мәдениет.

Аңдатпа

Мақалада Алтын Орда – Қыпшақ дәуірі әдеби жәдігерліктерін бір тұтас тілдік мұра ретінде қарастырылған. Әдеби шығармалар тілі кешенді түрде зерттеліп, қазақ рухани мәдениетімен сабақтастығы көрсетілген. Алтын Орда – Қыпшақ дәуірінде  жазылған әдеби шығармалар қыпшақ-оғыз аралас тілде жазылды. Дегенмен поляк түркітанушысы А.Зайончковскийдің «ХІІІ ғасырда біртұтас түркі тілі қалыптасты» деген сөзінің маңызы зор. Осы кезеңдегі жазба мұралар аралас тілді болса да қыпшақ элементі басым екені көптеген зерттеулерде дәлелденді. Қыпшақ тілі халықаралық тіл дәрежесінде қызмет етіп, күллі Еуразияның бар қиырынан естіліп тұрды. Билік басында монғол текті әулеттер болғанымен мәдениеттер текетіресінде қыпшақ мәдениеті үстем болғандығын жазба деректерден байқаймыз. Сондықтан зерттеудің негізгі мақсаты тарихи, тілдік үдерістерді ескере отырып, «тіл мен этнос бір тұтас» қағидасымен көне қыпшақтық мәдениет мен бүгінгі қазақ дүниетанымының ортақтығы, ғаламның концептуалды моделін тілдік деректер арқылы ашуды көздейді. Осы мақсат-міндетті орындау үшін ғаламның концептуалды моделін бойына сақтаушы, алып жүруші тілдік бірліктерге, фразеологизмдерге  этномәдени тұрғыдан талдау жасалған.

Жазба жәдігерліктер тіліндегі тұрақты тіркестер ұлттық менталитеттен мәдени ақпарат беретіндігі нақты деректермен айтылған. Бұл ақпараттар қазақы ой-санамен, таным-түсінікпен, дағды-дәстүрмен астарласып, сабақтасып тіл мен ұлттың тарих қойнауынан түзілген бірлігін, тұтастығын аңғартады.

        Көне қыпшақтық әдеби мұралардың тіліндегі тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық, этномәдени талдау жасау арқылы Ұлы Дала мәдениетінің ғасырлар бойы үнемі сабақтастықта қалыптасқан ғаламның концептуалды моделі, әлемнің ұлттық тілдік бейнесі көрінеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-20

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 40

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.