Р.С.ЕГІЗБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202420208Кілт сөздер:
Кілт сөздер. Шығармашылық, көркемдік ерекшелік, тақырыптық бағыт, лиризм, көркемдік әлем, тарихи шындық, поэтикалық образАңдатпа
Аңдатпа. Ұсынылып отырған мақалада мемлекет қайраткері, соғыс және еңбек ардагері, КСРО Журналистер Одағының мүшесі Рахметулла Сүйіндікұлы Егізбаевтың әдеби-шығармашылық қызметі қарастырылады. "Шешуші күш" (очерктер, 1970ж.), "Қараша қаздар қайтқанда" (1975ж.), "Дала бұлбұлдары" (1985ж.), "Іздедім сені" (1985ж.) деген жинаөтардың авторы. Мақала авторы жалпы Рахметулла Егізбаевтың әдеби шығармашылығына шолу жасап, оның тақырыптық бағытын жүйелеуге тырысады. Ақын Р.Егізбаевтың шығармаларындағы көркемдік құрылысына жеке тоқталады. Зерттеуші ақынның кейбір өлеңдеріне әдеби-көркемдік талдау жүргізеді, олардың маңызы мен бүгінгі күндегі өзектілігін ашуға тырысады. Талдау кезінде автор ақын шығармашылығының көркемдік әлемі мен ішкі уәжін бірқатар қазақ ақындарының, атап айтқанда С.Торайғыров пен Ж.Саиннің өлеңдерімен сабақтастыра салыстырады. Мақалада ақын Р.Егізбаевтың көңіл-күй лирикасын ашуға талпыныстар бар: Автор оның лирикасын бірнеше тақырыптық бағыттарға бөледі, лирикалық кейіпкерін анықтауға талпынады, көркем танымды беруде қолданған әдеби-теориялық тәсілдеріне, көркемдік құралына тоқталады. Р.Егізбаевтың поэзиясын салыстырмалы талдау және терең зерделеу барысында ақынның көптеген көркем ойларының өзегі, махаббат лирикасы өлеңдердегі негізгі бейне «мадоннасы» болып табылатын "Сәулежан" деп аталған лирикалық бейне төңірегінде екендігін анықтады.