І. ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ СТИЛДІК ЕРЕКШЕЛІГІ ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВ ЗЕРТТЕУЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202510204Кілт сөздер:
Идея, жанр, стиль, композиция, өлең құрылысы, ырғақ, образ, сюжет, теңеу, метафора.Аңдатпа
Мақалада көрнекті ғалым Қажым Жұмалиевтің Ілиястануда айтылған ғылыми пайымдары зерттеледі. Мұнда Ілияс Жансүгіровтің ақындық шеберлігі, стилдік ерекшелігі ғалым Қажым Жұмалиевтің зерттеу еңбектерін негізге ала отырып талданады. Қажым Жұмалиевтің зерттеулері негізінде Жансүгіров поэзиясының стилдік ерекшеліктері бірнеше аспектілерде қарастырылады. Академик Қажым Жұмалиев Ілиястың шығармаларын талдай отырып, оның әдебиеттегі орны мен ерекшеліктеріне тоқталады.
І. Жансүгіровтің «Гималай» поэмасы Қажым Жұмалиевтің пікірінше, бұл поэмада ақын ерікті ұйқас пен қара өлең ұйқасын үйлестіре отырып, мағыналы аяқталған ойды білдіретін шумақтар жасалды. «Гималай» поэмасының құрылысында 7-8 буындық жыраулық үлгінің қолданылуы, оның адамзат баласының рухын көтеретін деңгейге жетуі — бұл поэманың қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығын көрсетеді. Қ. Жұмалиев «Гималайдан» кейінгі «Дала» поэмасының да идеялық-көркемдік жаңалығын атап өтеді, мұнда ақын халықтың тарихын, мәдениетін, тұрмысын терең әрі шынайы бейнелейді. «Дала» поэмасының композициясы халық өмірінің тарихына негізделіп, шендестіру әдісін қолдана отырып, өткен мен бүгінгі өмір арасындағы байланыстарды көрсетеді. Поэмадағы эпизодтар, әсіресе «Ақтабан», «Құл көгені», «Құрбандық» сияқты бөлімдер, тарихи оқиғаларды суреттеу арқылы халықтың ауыр күндерін еске салады.
Қажым Жұмалиевтің зерттеулері І. Жансүгіров поэзиясының стильдік ерекшеліктерін тереңірек түсінуге көмектеседі, оның шығармашылығының мән-мағынасы мен әдебиеттегі орнын ашып көрсетеді.