ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТІҢ «САЛ САРЫ» ПОЭМАСЫ: ТАҚЫРЫПТЫҚ ИДЕЯЛЫҚ ІЗДЕНІС, СЮЖЕТ ҚҰРУ ШЕБЕРЛІГІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202430201Кілт сөздер:
Эпиграф, поэма-дастан, пьеса, сюжет, композиция шеберлігі, лирика.Аңдатпа
Мақалада қазақ поэзиясына өз үнімен келген лирик, ақын Ізтай Мәмбетовтың жыр-жинақтарынан мысалдар келтіріліп, ақын поэмалары талданып, тақырыптық-идеялық ізденістері сараланып, автор өлеңдеріне талдау жасалды. Ақынның поэмалары гуманизм, адамзаттың бейбіт өмірін насихаттау, халықтың тату тіршілігін, достықты, мәдени, тарихи құндылықтарды ардақтау сынды тақырыптарды қамтиды. Эпикалық жанрда арнайы қалам тартып жыр арнаған – Сал Сары поэманың әр тарауына байланысты оқиғаның қай бағытта өрбитіні аңғарылып, өлеңдерінен үзінділер келтірілді. Күрделі сюжетке құрылған поэма теориялық және практикалық жағынан жан-жақты қаралып, зерттеушілер тарапынан әлі де қызығушылыққа ие. Әнші-ақындар тарихынан өз орнын ойып алған Сары Батақұлының ғұмыр баянын зерделеген бұл поэманың көркемдік құндылығын, жазылу ерекшелігін жоғары бағалаған жөн. Ақын Ізтай Мәмбетовтың поэманы жазу барысында көп ізденгені, автордың еңбектері сараланғаны, ақын-салдың әр туындысыныың тарихымен жете таныс болғаны аңғарылады. Автордың сюжет құрудағы шеберлігі, шығармаға көркемдік мән берудегі ізденісімен қатар кейіпкерлер бейнесін ашудағы бір тәсіл - портрет-мінездемелері туындының қуатын арттыра түседі. Ақынның оннан астам поэмасында сюжет, композиция шеберлігі, лирикадағыдай нақтылық айқын көрсетіліп отыр.