ӨЗГЕШЕ ӨРНЕК ИЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202440205Кілт сөздер:
Әлеуметтік сарын, тоғышарлық тірлік, рухани азғындау, мансапқорлар, пайдакүнәмдер, тұспал,символикалық деталь, пародиялық образ, Гротескілік образ, сатиралық кейіпкерлер, карикатуралық тип, метофоралық тәсіл.Аңдатпа
Мақалада қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Әкім Таразидың творчествосы кеңінен талқыға түсіп, әдебиеттану ғылымың қағидаттары негізінде зерделененді. Осы кезеңге дейін жазушы шығармашылығы кейбір әдебиет зерттеуші еңбектерінде азды-көпті сөз болды. Бұл зерттеулерде Әкім Тарази еңбектері ғылыми тұрғыда талқыланып, әдебиетті сүйетін көпшілік қауымға бағытталған еді.
Әкім Тарази қазіргі қазақ прозасы мен драматургиясындағы көп қаламгерлердің бірі емес, ол уақыт шындығын, сол ортада өмір сүріп жатқан халықтың іс-әрекеттері мен адамгершілік дәрежесінің жәйін қамтиды, дүниеқоңыздық, тоғышарлық, өзімшілдікпен күрес сарыны авторлық мұратпен сабақтасып жатады.
Mақалада Әкім Тарази творчествосын оқыту мен зерттеу және жазушының прозалық, драмалық шығармаларын хронологиялық тәсілдер деңгейінде қарастыруды міндет етіп белгілеген Аталмыш тәсілдерге арқа сүйей отырып, қаламгердің заман мен қоршаған орта, адамның жан-дүниесі хақында ой пайымдаулары мен шындық дүниені және персонаждардың ішкі жан-дүниесіндегі өзгерістерді, құбылыстарды моделдеу тәсілдері қарастырылады. Жазушы шығармашылығылығы арқылы қоғамның өзегіне түскен жегі құрт секілді әлеуметтік типтерді бар қырынан көрсетеді. Бұл типтердің алаш жұртшылығының дағды-дәстүріне соншама кереғар, сүйкімсіз болғандығына жұртышылық көңілін аударуды мақсат етеді. Сайып келгенде ол шығармаларда қазақ жұртшылығындағы қиын да, проблемалы жайттардың саяси-әлеуметтік және рухани- мәдени салмағы таразыланады. Әкім Тарази шығармашылығында ұлттық құбылыстар мен игіліктер және еркін тұжырым пайымдалған шығармалардың қат-қабаттары жан-жақты зерттеледі.
Еңбектің теориялық және тәжірибелік құндылығы қазақ әдебиеттану ғылымында совет дәуірінде дұрыс деп танылған кейбір ұстанымдардың қазіргі егемен елдік, еркін тұжырымдар деңгейінде қайта баға беруінде болып отыр. Сонымен қатар қазақ әдебиеттану ғылымының әдіснамалық - теориялық тұсын дамытуға ықпал етеді.