ПРОФЕССОР Қ.ЖҰБАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ФОНЕТИКАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Кайыров Асан Бакиевич Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0000-0657-6770

DOI:

https://doi.org/10.62724/202440203

Кілт сөздер:

фонетика, тіл дыбыстары, дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, сонор дыбыстар, фонема, үндестік заңы, буын үндестігі, дыбыс үндестігі.

Аңдатпа

Профессор Қ.Қ.Жұбановтың қаламынан туған мақалалары, тезистері, көлемді еңбектері мол. Өйткені Қ.Қ.Жұбанов – қазақ тіл білімінің барлық саласында қалам тартқан ғалым. Ғалымның зерттеу жұмыстарының басты арқауы - фонетика мәселелері, атап айтқанда, қазақ тілінің дыбыстары, олардың дыбысталу түріне қарай бөлінуі, тіліміздегі дыбыстардың акустика-артикуляциялық ерекшеліктері, фонетикалық сипаттары, дыбыстардың өзара бір-біріне әсері, үндестік заңы, оның түрлері мен ерекшелігі, қазақ тілінің грамматикасы, алфавит, орфография, терминология мәселелері, қазақ тілінің программасы, қазақ тілін оқыту методикасы болып табылады.

Әсіресе, ғалымның қазақ тіліндегі дыбыстарды саны мен сапасына қарай анықтауы, тіліміздегі дыбыстарды жіктеуі, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың дыбысталу түріне қатысты құнды пікірлері, дауысты дыбыстарды жасалу жолына қарай түрлері мен ерекшеліктерін айқындауы, дауыссыз дыбыстардың түрлері мен ерекшеліктерін сипаттауы, үндестік заңы мен олардың түрлерін, ерекшелігін көрсетуі тәрізді фонетика мәселелеріне байланысты ой-пікірлері маңызды ғылыми тұжырымдар болып саналады. Қ.Қ.Жұбанов аталған мәселелерге өзіндік ой-пікірімен келіп, нақты тілдік деректерге ерекше назар аударып отырады.

Бұл мақалада Қ.Қ.Жұбановтың фонетикаға қатысты көзқарастары мен оның қазақ тіл біліміндегі маңызы анықталады. Нақтырақ айтқанда, ғалымның тіл дыбыстарын топтастыру ерекшеліктері, тіліміздегі дыбыстардың түрлері, олардың жасалу жолы жайында көзқарастары нақты тілдік деректермен жан-жақты сипатталады.  

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-20