АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР
DOI:
https://doi.org/10.62724/202440208Кілт сөздер:
Коммуникативтік технологиялар, педагогикалық технология, белсенділік тәсілі,бейнефрагмент, тілдік модель.Аңдатпа
Шет тілдерін оқытудың негізгі мақсаты – шет тілді ортада байланысқа түсуге және әр түрлі жағдайларда, яғни қарым-қатынаста еркін әрекет ету қабілетіне үйрету. Әр тіл сөйлейтін халықтың мәдениетін айқындайды. Қазіргі заман мұғалімнің міндеті – әр оқушы үшін тілді практикалық меңгеруге жағдай жасау, әр оқушыға өзінің белсенділігін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін оқыту әдістерін таңдау, сондай-ақ шет тілдерін оқыту процесінде оқушының танымдық белсенділігін арттыру. Берілген жұмыстың мақсаты – оқу процесінде, ағылшын тілі сабақтарында заманауи технологияларды, атап айтқанда коммуникативті технологияларды егжей-тегжейлі анықтау.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: шет тілін оқытудың заманауи әдістері толығымен қарастырылған, оқыту процесінде заманауи технологияларды қолданудың педагогикалық шарттары теориялық тұрғыдан негізделген.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы теориялық ережелерді жалпы білім беретін мектепке шет тілін оқыту процесінде белсенді қолдануға болатындығында. Сондай-ақ, заманауи педагогикалық әдістер мен дамыту әдістерін тиімді пайдалану шарттарын іске асыруы. Заманауи технологияларды енгізу білім беру процесін қарқындатуға алғышарттар жасайды. Олар білімді механикалық игеруден жаңа білімді өз бетінше игеру қабілетіне көшуді қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялар білім алушылардың жеке қасиеттерін ашуға, сақтауға және дамытуға ықпал етеді.