ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ

Авторлар

  • Раманова Айгул Абибуллаевна Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет Автор https://orcid.org/0000-0002-2226-3704
  • Махсутова Эльмира Наурызбаевна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0003-2609-8894

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540206

Кілт сөздер:

Материалдық мәдениет, халықтық қолөнер, фразеологизмдер, этномәдени атаулар, этномәдени сипаты

Аңдатпа

Мақалада қазақ қолөнеріне байланысты фразеологизмдердің этномәдени сипатын, олардың материалдық мәдениетпен, халықтық еңбек тәжірибесімен және дәстүрлі дүниетаныммен байланысын зерттеуге арналған. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер халықтың күнделікті тұрмысында қалыптасқан қолөнер түрлерінің (жүн өңдеу, киім тігу, ағаш және тас өңдеу, жіп иіру, ұсталық т.б.) тілдік бейнесі ретінде қарастырылады. Автор фразеологиялық тіркестердің пайда болу негізін құрайтын заттық мәдениет элементтерін, олардың бейнелілік табиғатын, семантикалық дамуын және бағалауыштық қызметін талдайды.

Зерттеуде қолөнерге қатысты нақты еңбек құралдары мен әрекеттердің (қалып, астау, ұршық, диірмен, қыл арқан, құлпытас және т.б.) фразеологиялану үдерісі көрсетіліп, олардың адамның мінез-құлқын, әлеуметтік мәртебесін, кәсіби шеберлігін және өмірлік жағдайын сипаттаудағы рөлі айқындалады. Фразеологизмдер этномәдени ақпаратты сақтаушы әрі ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші тілдік мәдени код ретінде қарастырылады.

Мақалада қазақ халқының дәстүрлі қолөнері мен материалдық мәдениетінің тілдегі көрінісі сарапталып, қолөнерге негізделген фразеологизмдердің ұлттық дүниетаным, еңбек философиясы және мәдени жадпен байланысы ашылады. Зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі қолөнерге қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени мәнін айқындап, олардың ұлттық тілдік сана мен мәдени дәстүрді бейнелеудегі қызметін анықтау. Зерттеу әдістемесі фразеология, этнолингвистика, мәдениеттану және когнитивтік лингвистика элементтерін тоғыстырған пәнаралық тәсілге негізделген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 38

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.