КҮРДЕЛІ СӨЙЛЕМДЕ КОММУНИКАЦИЯ МЕН ЫҚПАЛ ЕТУДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ СИНТАКСИСТІК ЖӘНЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ (АҒЫЛШЫН КОММЕРЦИЯЛЫҚ ХАТ АЛМАСУЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН)
DOI:
https://doi.org/10.62724/202540205Кілт сөздер:
Күрделі сөйлем, бағыныңқылы сөйлем, іскерлік хаттар, хат алмасу, іскерлік стиль, ықпал ету, хабарлауАңдатпа
Бұл ғылыми мақаланың мақсаты — ағылшын тіліндегі іскери хаттарда, атап айтқанда коммерциялық хат алмасу жанрында қолданылатын күрделі сөйлемдердің құрылымдық, семантикалық және прагматикалық ерекшеліктерін анықтау. Бұл іскерлік коммуникацияның маңызының артуымен және сенімді іскери хаттарды жылдам әрі дәл құрастыру қажеттілігімен байланысты. Зерттеуде сандық талдау, сипаттамалық және салыстырмалы әдістер, сондай-ақ кешенді дискурстық талдау қолданылды.
Зерттеу нәтижелері іскери хат алмасуда сөйлемдердің коммуникативтік-прагматикалық функцияларының — ақпараттық (хабарлау) және ықпал ету функцияларының — қалай жүзеге асатынын көрсетті.
Зерттеудің практикалық құндылығы оның қарқынды дамып келе жатқан іскерлік коммуникация жағдайында іскери құжаттарды жазу дағдыларын дамытуда қолданылу мүмкіндігімен айқындалады. Оның өзектілігі сондай-ақ америкалық іскерлік коммуникацияны зерттеуге деген қажеттіліктің артуымен анықталады, себебі америкалық бизнес қауымдастығының өкілдері Қазақстан Республикасы экономикасындағы ең көп стратегиялық серіктестер мен инвесторлар болып табылады.
Зерттеу нәтижелері сенімді жазу, практикалық грамматика пәндерін оқытуда, сондай-ақ ағылшын тілін шетел тілі ретінде меңгерушілердің іскерлік коммуникативтік дағдыларын дамытуда қолданылуы мүмкін.
Мақалада іскери мәтіндерде лексикалық және синтаксистік эмоционалды-экспрессивтік құралдарды біріктіру барысында қолданылатын күрделі сөйлемдердің тек ақпараттық қана емес, сонымен қатар ықпал етуші қызметі атқаратыны туралы қорытынды жасалады. Бұлардың әрқайсысы нақты коммуникативтік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған әртүрлі тілдік құралдарға сүйенеді.