КЕРАМИКАЛЫҚ ЖОЛ ТӨСЕНІШТЕРДІ ӨНДІРУДЕГІ КЕРАМИКАЛЫҚ МАССА КОМПОЗИЦИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202430306Кілт сөздер:
керамикалық жол төсеніш, композиция, саздақ, дірілді престеу, абаттандыру, құрылыс саласы, температура.Аңдатпа
Мақалада керамикалық масса құрамындағы шикізат компоненттерінің қасиеттерімен, химиялық-минералогиялық құрамын зерттеу нәтижелері ұсынылған және тальк жынысын масса құрамында қолданумен, дірілді пресстеу әдісімен керамикалық материалды төсеу технологиясының әдістемесі мен сазды шикізаттың құрамын анықтау жолдары келтірілген. Дайын өнімнің қалыптау, кептірілу және керамикалықматериал ретіндегі қасиеттерін жақсарту үшін қоспалардың артықшылық факторларын ескере отырып, керамикалық жол төсемдерді алуға арналған композициялары екі түрлі компоненттерде зерттелген.
Керамикалық композиция құрамына тальк араластырып енгізу жоғары температуралық авгитті пен амфиболы фазаларының пайда болуына және саздағы минералдардың түзілу процесінің күшеюіне, жоғары температуралық фазалар - санидин, акерманит элементтердің пайда болуына әсері болатыны анықталды.
Бұндай процес алынатын үлгілердің физикалық және механикалық қасиеттерінің жоғарылауына әкеледі. 10000С-11000С температура аралығында күйдіру арқылы керамикалық композициялардың құрылымы мен фазасының қалыптасуының негізгі заңдылықтары изотермиялық бақылаумен зерттелді. Осы заңдылықпен қатты және қатты сұйық фазалық синтезделумен жентектеу процестері жүргізіліп фазалық - минералдық құрамын қамтамасыз етумен, беріктігі мен аязға төзімділгі жоғары керамикалық жол төсеніштің алынуы зерттеулермен нақтыланды.
Қала аумағын абаттандыру мақсатында экология мен қолдану стандарттарына сай келетін қышты материалдардан жасалған жол төсеніштерді алу мүмкіндігі дәлелденген. қышты материалдардан жасалған жолдық төсемдердің басым қасиеттерінің бірі олардың кеуектілігінің маңызды көптілігі (25-35% ) болып табылатыны анықталды, бұл атмосферадағы ( ауа- райының ылғалды құбылыстары) ылғалды бойына лезде тартып сіңіреді, артық ылғалды жер топырағына денесі арқылы сүзіліп өтуіне мүмкіндік береді. Керамикалық төсемдердің бұндай қасиетттері жол төсеніштерінің бетінде ылғалдың жиналуына болдырмайды және жаяу жүргіншілердің қозғалысы кезінде жайлы жағдай туғызып, ауа райының суық мезгілдерінде төсеніш бетінде мұздақ пайда болуының мүмкіндігін азайтады.