КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ ЖӘНЕ ЕСЕТ КӨТІБАРҰЛЫ: ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ЕКІ КӨСЕМІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТЫҢ ТАЛДАУЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202620104Кілт сөздер:
Кенесары Қасымұлы, Есет Көтібарұлы, ұлт-азаттық қозғалыс, тарихнамалық талдау, кеңестік тарихнама, рулық тұйықтық, Кіші жүз, Хиуа хандығы, XIX ғасыр, Қазақстан.Аңдатпа
Мақала XIX ғасырдағы Қазақстан тарихындағы екі ірі ұлт-азаттық қозғалыс – Кенесары Қасымұлы (1837-1847) және Есет Көтібарұлы (1847-1858) бастаған көтерілістер арасындағы байланыс пен алшақтық мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты – тарихнамада қалыптасқан қарама-қайшы пікірлерді саралай отырып, екі көсемнің қарым-қатынасының нақты бейнесін ашу. Кеңестік тарихнамада басымдық танытқан «рулық тұйықтық», «жершілдік» тұжырымдарына сыни талдау жасалып, А.Рязановтың қарама-қайшы пікірі назарға алынды. Зерттеу нәтижесінде екі көсем арасында әрі байланыс, әрі алшақтық болғандығы дәлелденді. Кеңестік тарихнамадағы «рулық тұйықтық» концепциясының ғылыми негізсіздігі айқындалып, алшақтықтың басты себебі – екі көсемнің әртүрлі стратегиялық таңдауы екендігі көрсетілді. Есет көтерілісі Кенесары бастаған ұлт-азаттық күрестің тікелей жалғасы ретінде танылды.