Е.ПУГАЧЕВ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІСКЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ: МӘСЕЛЕНІҢ ТАРИХНАМАСЫ.
DOI:
https://doi.org/10.62724/202530103Кілт сөздер:
Е.Пугачёв көтерілісі, көтеріліс алғышарттары, қазақ рулары, тарихнама, XVIII ғасыр, отарлық саясат, азаттық қозғалысАңдатпа
Мақалада Е.Пугачёв бастаған 1773–1775 жылдардағы шаруалар соғысына қазақтардың қатысу мәселесінің тарихнамалық зерттелуі жан-жақты қарастырылады. Жұмыс барысында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектерінен бастап, тәуелсіздік жылдарындағы отандық тарихшылардың еңбектеріне дейінгі ғылыми еңбектерге шолу жасалған. Авторлар көтеріліске қазақтардың қатысуының әлеуметтік-экономикалық және саяси себептерін әртүрлі тұрғыдан түсіндіретіні, олардың дереккөздік базасы мен әдіснамалық ұстанымдары әркелкі екендігі көрсетіледі. Мақалада В.А.Голиков, О.А.Чернышев, А.П.Чулошников, М.П.Вяткин, Е.Бекмаханов, М. Қ. Қозыбаев, Н.Е.Бекмаханова, Ж.Қасымбаев, И.В.Ерофеева сияқты зерттеуші ғалымдардың тұжырымдары салыстырылып, Пугачёв қозғалысын қазақ тарихындағы ұлттық-азаттық үрдістермен сабақтастыра қарастырудың маңызы айқындалады. Сондай-ақ зерттеу барысында көтеріліс тарихнамасының дамуы, шешілмеген тұстары мен болашақтағы ғылыми ізденістердің бағыттары көрсетілген.