БАЙМАҒАМБЕТ АЙШУАҚҰЛЫНЫҢ ТАРИХИ ТҰЛҒАСЫН БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР: ҰЛТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ОТАРЛЫҚ ӘКІМШІЛІК КОНТЕКСТІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610104Кілт сөздер:
Баймағамбет Айшуақұлы, Кіші жүз, ХІХ ғасыр, Кенесары қозғалысы, ұлттық-азаттық қозғалыс, отарлық әкімшілік, 1824 жылғы Орынбор реформасы, билеуші-сұлтан институты, тарихнамалық талдау.Аңдатпа
Мақалада ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүздің билеуші-сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлының тарихи тұлғасын бағалаудағы қайшылықтар ұлт-азаттық қозғалыс пен отарлық әкімшілік жүйе контексінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Баймағамбет Айшуақұлының саяси қызметін дәуірдің әлеуметтік-саяси жағдайымен сабақтастыра отырып, оның тарихи рөлін кешенді түрде талдау және тарихнамалық біржақтылықты айқындау.
Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы, жүйелі талдау және тарихнамалық интерпретация әдістері қолданылды. 1824 жылғы Орынбор реформасынан кейінгі басқару жүйесінің өзгерістері, хандық биліктің әлсіреуі және империялық әкімшілік құрылымының күшеюі жағдайындағы жергілікті элитаның саяси таңдауы талданды.
Нәтижесінде Баймағамбет Айшуақұлының қызметі біржақты бағалауға сыймайтын күрделі тарихи құбылыс екендігі анықталды. Оның Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалысқа қарсы ұстанымы отарлық билікке қызмет етумен ғана емес, дәстүрлі басқару институттарын сақтап қалуға бағытталған саяси ұстанымымен де байланысты болғаны көрсетілді.
Қорытындылай келе зерттеу тұлғаны өз дәуірінің институционалдық шектеулері мен саяси трансформациялары аясында қарастыру қажеттігін негіздейді.