ЕРНАЗАР ЖӘНЕ БЕКЕТ БАТЫРЛАР ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨРНЕКТІ ЖЕТЕКШІЛЕРІ

Авторлар

  • Құрманалин Самат Бақытжанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7670-9495

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540103

Кілт сөздер:

Ұлт-азаттық қозғалыс, Бекет Серкебайұлы, Ерназар Кенжалыұлы, Кіші жүз тарихы, отаршылдық саясат, тарихи деректер.

Аңдатпа

Мақалада ХІХ ғасырдағы Кіші жүз аймағындағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи негіздері мен сол қозғалыстардың жетекшілері болған Бекет Серкебайұлы мен Ерназар Кенжалыұлының өмірі мен қызметі жан-жақты талданады. Зерттеудің мақсаты – 1847–1858 жылдардағы Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс кезіндегі қос батырдың рөлін, саяси көзқарасын, ел тәуелсіздігі жолындағы қызметін архивтік деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері арқылы анықтау. Әдістемелік тәсіл ретінде тарихи-құжаттық талдау, салыстыру, ауызша деректерді интерпретациялау әдістері қолданылды. Нәтижелер көрсеткендей, Бекет пен Ерназар Кіші жүздегі отаршылдыққа қарсы күрестің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып, Есет батырдың сенімді сардарлары ретінде көптеген стратегиялық шайқастарға басшылық еткен. Зерттеудің құндылығы – ел жадындағы «Ерназар–Бекет» жыры мен архив деректерін тоғыстыра отырып, қос батырдың қазақ тарихындағы орнын ғылыми тұрғыда қайта бағалауы. Нәтижелерді өлкетану, тарих пәнін оқыту, ұлттық батырлар мұрасын жүйелі зерттеу салаларында қолдануға болады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 117

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.