ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС БІРТҰТАС ТАРИХИ ҮРДІС РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Құрманалин Самат Бақытжанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7670-9495

DOI:

https://doi.org/10.62724/202520101

Кілт сөздер:

Отаршылдық, тәуелсіздік, ұлт-азаттық, күрес, көтеріліс, қозғалыс, сабақтастық, батырлар, жетекшілер

Аңдатпа

Отан тарихындағы өзекті мәселелердің бірі қазақ ұлт-азаттық қозғалыстары. Қазақ даласы Ресей империясы тарапынан ХVІІІ-ХІХ ғасырларда отарланғаны тарихи шындық. Отарлау қазақ елінде әр түрлі әдіс-тәсілдермен жан-жақты жүргізілді. Патша үкіметінің бұл саясатымен бірге қазақ халқының қарсылықтары да жүріп отырды. Қазақ еліндегі азаттық қозғалысының бір ерекшелігі бар. Ол Ресейдің Қазақстандағы алғашқы отаршыл акциясының басталуынан 1917 жылғы патша өкіметінің құлауына дейін ұлы далада тәуелсіздік үшін күрестің үзіліссіз жүруінде, бір сәт те толастамауында.

Осы халық қарсылықтары, қарулы көтерілістер тарихы патшалық-дворяндық тарихнамада да, советтік-таптық тарихта да және Қазақстан тәуелсіздік алған соңғы үш он жылдықта да зерттелді. Бірақ зерттеу методологиясы дұрыс болған жоқ. Қазақ көтерілістері бір-бірінен бөлшектеніп, жеке дара қарастырылды. Ал, шын мәнінде қазақтың Ресей империясының жаулап алушылық, отаршылдық саясатына қарсы күресі бірыңғай да сабақтас еді. Күрес жетекшілері бір-бірін білетін әрі тізе қоса қимылдаған қайраткерлер болатын.

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс – біртұтас тарихи үрдіс. Сондықтан ұлттық көтерілістердің, қозғалыстардың байланыстылығын, сабақтастығын осы еңбекте көре аламыз. Ғылыми мақаланы ұлт-азаттық қозғалыстардың біртұтас очеркін жасауға әрекеттің бір көрінісі деп қабылдауға болады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 44

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.