РЕСЕЙЛІК ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТҚА ҚАРСЫ ҚАЗАҚ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ: ЖЕҢІЛУ СЕБЕПТЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202440105Кілт сөздер:
отаршылдық, ұлт-азаттық, тәуелсіздік, батырлар, билер, сабақтастық, тарихнамаАңдатпа
Ұлт-азаттық көтеріліс отар елдерге тән. Қазақ халқы да тәуелсіздігін сақтап қалу жолында метрополияға ұзақ қарсылық көрсетті. Қарсылық қозғалыстары табанды болды. Ар, намыс құндылықтары биік көрінді. Сасяи, әлеуметтік, экономикалық себептерді екінші кезекте қарастырамыз. Қазақ халқының ХІХ ғасыр бойы дүркін-дүркін ірі көтерілістерге шығып, өз тәуелсіздігін қорғап бағуы қазақ тарихының жарқын да қасіретті беті. Тең емес күштің салдарынан барлық қарсылық жеңіліске ұшырады. Жеңілудің басты себебі колонизаторлар мен отарланушылар арасындағы соғыс техникасы. Мақалада империяға қарсы қарулы күрестің жеңілу себептері талданады. Қазақ көшбасшылары бастаған көтерілістердің ұлт тарихындағы тарихи маңызы, ортақ заңдылықтары, өзара байланыстары зерделенеді.
Көтерілістердің басында қазақ қоғамында үлкен беделге ие әулеттерден шыққан батырлар тұрды. Соның бірі – Шекті руынан шыққан Есет Көтібарұлы. Есет батыр көтерілісі тарихта жеңіліске ұшырады. Алайда оқырман мен кейінгі ұрпақ тағылым алатындай тарих жасады. Осынысымен ерекше. Ұлттық баскөтерулердің өзара байланыстары болды. Көшбасшыларының сырттай таныс-білістігі ғана емес, қарым-қатынастары болды. Бір-біріне қорған болды. Әскери қолдау көрсетті. Батырлықтарын, ерліктерін мойындай отыра бірінің соңынан бірі ере білді. Оларды ортақ жауға қарсы ортақ мүдде тоғыстырды. Бұл назар аударарлық жәйт. Себебі өткен тарихнама қазақ халқының отаршылдыққа қарсы көтерілістерін бір-бірінен бөліп тастаған болатын. Біз азаттық қозғалысының біртұтастығы концепциясына қосыламыз.