ҚАРАЖАНБАС КЕН ОРНЫНДА ПАРОГЕНЕРАТОРЛЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ПАР-ЖЫЛУЛЫҚ ӘСЕР ЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

Авторлар

  • Калешева Гүлмира Ермұхамбетқызы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-6977-8185
  • Бикетов Бақтығали Ахметжанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0005-8385-0194

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620604

Кілт сөздер:

Қаражанбас кен орны, жоғары тұтқыр мұнай, бу-жылулық әсер ету, бу генераторлық қондырғы, УПГ-50/6М, қаныққан бу, Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), энергия тиімділігі

Аңдатпа

Мақала Қаражанбас кен орнындағы жоғары тұтқыр мұнай қорларын игеру жағдайында бу-жылулық әсер ету (ПТӘ) әдісінің тиімділігін бағалауға арналған. Жұмыста бу өндіру цехының қызметіне жан-жақты талдау жүргізіліп, қолданыстағы бу генераторлық қондырғылардың, соның ішінде стационарлық және мобильді типтердің (УПГ-50/6М, YZF және YZG) пайдалану сипаттамалары бағаланды. Өнімді қабатқа қаныққан буды өндіру және айдау технологиялық параметрлері, сондай-ақ флюидтің тұтқырлығын төмендету арқылы оның сүзгілену жағдайларын жақсарту механизмі қарастырылды. Жерасты гидродинамикасы мен қабаттың жылуфизикасының теориялық қағидалары негізінде қолданылатын жабдықтардың жоғары тиімділігі дәлелденді, бұл сүзгілену жағдайларының жақсаруымен, мұнайбергіштік коэффициентінің артуымен және кен орнын игерудің кейінгі сатыларында мұнай өндірудің тұрақтануымен сипатталады. Сонымен қатар, мақалада бу генераторлық жүйелердің сенімділігін арттыру, меншікті энергия шығындарын төмендету және бу айдаудың технологиялық режимдерін оңтайландыру мәселелеріне назар аударылған, бұл термиялық әсер ету процесінің экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру аясында бу генерациялау жүйелерін жаңғырту энергия тиімді технологиялар мен инновациялық инфрақұрылымды енгізуге (ТДМ 9), көмірсутек қорларын ұтымды әрі жауапты игеруді қамтамасыз етуге (ТДМ 12), сондай-ақ мұнай-газ саласында энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға және технологиялық шығындарды азайтуға ықпал ететіні көрсетілген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Калешева Гүлмира Ермұхамбетқызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    аға оқытушы

  • Бикетов Бақтығали Ахметжанұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 156

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.