ҚАРАЖАНБАС КЕН ОРНЫ НЕФТІНДЕГІ ВАНАДИЙ МАЗМҰНЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨҢДЕУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРІНЕ ЫҚПАЛЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202520307Кілт сөздер:
Қазақстан, мұнай-газ саласы, Қаражанбас, ванадий, мұнай, деметаллизация, порфириндер, мұнай өңдеу, катализаторлар, масс-спектрометрия, геохимия, экологиялық қауіпсіздік.Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан Қаражанбас кен орнындағы мұнай құрамындағы ванадий мөлшері қарастырылған. Аталған кен орнының мұнайы жоғары тұтқырлықпен, күкірттің төмен мөлшерімен және порфирин түріндегі ванадийдің едәуір концентрациясымен сипатталады. Геохимиялық талдау нәтижесінде өнімді қабаттардың тереңдеген сайын ванадий мөлшері артатыны анықталды, әсіресе Y-VI және Y-VII горизонттарында. Ванадийді анықтаудың заманауи әдістері, соның ішінде ең дәл тәсілдердің бірі — индуктивті байланысқан плазмалы масс-спектрометрия (ICP-MS) қарастырылды. Ванадийдің мұнайды өңдеу технологиялық процестеріне, атап айтқанда, крекинг пен гидротазарту катализаторларына кері әсері талданды. Сонымен қатар, металлдың жоғары мөлшерімен байланысты экономикалық және экологиялық салдарлар бағаланды. Рентабельділікті арттыру және қоршаған ортаға төнетін қауіп-қатерді азайту үшін деметализация мен мұнайды терең өңдеудің тиімді әдістерін енгізудің маңыздылығы атап өтілді.