АВТОКЛАВТЫ ГАЗОБЕТОНДЫ БЛОКТАРЫНЫҢ ЦИКЛДІК АТМОСФЕРАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ КЕЗІНДЕГІ ПАЙДАЛАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЫЛУ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202610703Кілт сөздер:
ұсақ даналы қабырға материалдары, автоклавты газобетонды блок, атмосфералық әсерлер, ылғалдылық режимдері, пайдалану жағдайындағы ылғалдылық, жылу өткізгіштік коэффициенттер, жылу техникалық есепАңдатпа
Бұл мақалада құрылыс материалдарының пайдалану жағдайындағы жылу техникалық көрсеткіштер мен ғимараттың энергия тиімділігіне ылғалдылық режимдерінің әсері қарастырылады. Ғимараттардың жылу техникалық есептерін жүргізу кезінде құрылыс материалдарының жылу өткізгіштік коэффициенті абсолютті құрғақ күйінде қабылданып, пайдалану жағдайындағы атмосфералық әсерлері ескерілмей жатады. Осыдан материалдар мен құрылымдардың пайдалану жағдайлары ескерелетін нақтырақ есептік әдістерін қолдану қажеттілігі туындайды. Мақаланың мақсаты газобетонды блоктардың жылу техникалық сипаттамаларын нақтырақ ескеретін пайдалану жағдайындағы, λА и λБ (қалыпты және жоғары ылғалдылықта) жылу өткізгіштік коэффициенттерді қолдану болып табылады, бұл ғимараттардың есептік әдістерінің сенімділігін және энергия тиімділігін арттырады. Бұл жұмыста ғимараттарды жобалау кезеңіндегі жылу техникалық есептеулерде пайдалану жағдайындағы сыртқы әсерлерге ұшыраған құрылыс материалдарының есептік жылу өткізгіштік коэффициенттерін қолдану негізделеді. Циклдік атмосфералық әсер ету кезінде құрылыс материалдарының пайдалану жағдайындағы жылу техникалық сипаттамаларына талдау және есептеу жүргізілді, пайдалану жағдайындағы ылғалдылығының жеткіліксіз ескерілуінен туындаған материалдарды пайдалану кезіндегі болжамды мәселелер қарастырылды. Зерттеу нәтижелері жылу техникалық есептеулерінде және ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру әдістерін жетілдіруде қолданылуы мүмкін.