МҰНАЙ МЕН КОНДЕНСАТ ӨНДІРУ ҰҢҒЫМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ПАЙДАЛАНУ – «ЗИЯТКЕРЛІ ҰҢҒЫМА» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Авторлар

  • Бақтығали Ахметжанұлы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0009-0005-8385-0194
  • Гүлмира Ермұхамбетқызы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-5610-6774

DOI:

https://doi.org/10.62724/202540603

Кілт сөздер:

Жасанды интеллект, зияткерлі ұңғыма, цифрлық кен орны, цифрлық егіз, машиналық оқыту, SCADA, edge computing, мұнай-газ саласы, автоматтандыру.

Аңдатпа

Мақалада мұнай және газконденсат ұңғымаларын пайдалану үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылған. Негізгі назар гидрокөміртектер өндіруді оңтайландыру мақсатында интеллектуалды сенсорлық жүйелерді, цифрлық егіздерді және машиналық оқыту алгоритмдерін біріктіруге негізделген «зияткерлі ұңғыма» (Smart Well) тұжырымдамасына аударылған. Мұнай-газ саласын цифрландырудың әлемдік және отандық үрдістеріне талдау жасалған, соның ішінде Shell Smart Fields, Schlumberger Delfi, BP Field of the Future, Equinor Integrated Operations, жобалары және Қазақстандағы «Цифрлық кен орны» бағдарламасы аясындағы бастамалар қарастырылған.

Арнайы көңіл болжамдық аналитика, edge computing (перифериялық есептеулер) технологиялары, SCADA негізіндегі басқару жүйелері мен технологиялық үдерістерді бақылау және модельдеу үшін цифрлық егіздерді  әзірлеу мәселелеріне бөлінген.

Дәстүрлі диспетчерлік басқарудан интеллектуалды, проактивті және автономды пайдалану жүйелеріне көшу қажеттілігі негізделеді. Бұл жүйелер өздігінен үйренетін үлгілерге сүйенеді. Зерттеудің әдістемелік негізі халықаралық тәжірибені салыстырмалы талдау, эмпирикалық деректерді синтездеу және мұнай-газ саласында ЖИ енгізудің тиімділігіне сараптамалық бағалау әдістеріне сүйенеді.

Қорытынды бөлімде цифрландырудың негізгі артықшылықтары атап өтіледі – энергия тиімділігі мен сенімділіктің артуы, пайдалану шығындарының төмендеуі, өндірістік тәуекелдердің азаюы және нақты уақыт деректеріне негізделген бейімделгіш басқаруға қабілетті интеллектуалды кен орындарының (Smart Field) қалыптасуы.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Бақтығали Ахметжанұлы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    аға оқытушы

  • Гүлмира Ермұхамбетқызы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

    аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 67

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.