МҰРАҒАТ МАТЕРИАЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚАРАҚАЛПАҚСТАННЫҢ ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ БАЙЛАНЫСТАРЫ: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ АСПЕКТ

Авторлар

  • Нуржанов Сабит Узакбаевич Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Қарақалпақ бөлімшесінің Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты Автор https://orcid.org/0000-0003-1669-7511

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530104

Кілт сөздер:

ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ АСПЕКТ

Аңдатпа

Қазақстан мен Қарақалпақстанның тарихи байланыстарын зерделеу оларды одан әрі нығайту мен дамыту үшін маңызды мәнге ие. Бұл тұрғыда мақала өткен ғасырдың 20-30 жылдарындағы осы байланыстарды мұрағаттық деректерді пайдалану негізінде зерттеуге арналған. Жұмыстың мақсаты негізінен 1924 жылғы Ұлттық-мемлекеттік бөлінуден кейін, Қарақалпақстан автономиялық облыс ретінде Қазақ АССР құрамына енген кезде орын алған аса маңызды әлеуметтік-саяси үрдістерді сипаттау болып табылады. Осы кезеңдегі байланыстар ресми және партиялық басқару құрылымдарының ынтымақтастығы, көші-қон мен толқулар, қоғамдық және саяси тұлғалардың жұмысы сияқты маңызды әлеуметтік ,рдістер кезіндегі халықтың өзара әрекеттесуі арқылы көрінді. Жұмыста Қарақалпақстанға кадр саясатын іске асыруда көрсетілген көмек сипатталған, саяси "тазалаудың" ерекшеліктері және біздің халықтарымыз бірдей бастан кешкен "Кіші Қазан" салдары, қазақтар мен қарақалпақтардың сол кезеңдегі толқуларға қатысуы, сондай-ақ"көшпелі" қазақтардың ашаршылық жылдарында Қарақалпақстанға жаппай қоныс аударуы көрсетілген. Қарақалпақстанның баспасөзін, әдебиетін және білімін дамытуға үлес қосқан Т.Сафиев сияқты қоғам қайраткерлерінің рөлі қарастырылуда. Мақалада Өзбекстан Республикасы Ұлттық мұрағатының және Қарақалпақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының материалдары, мерзімді баспасөз деректері пайдаланылды, Салыстырмалы-тарихи, проблемалық-хронологиялық және әлеуметтік-мәдени әдістер қолданылды. Нәтижесінде Орталық Азияның өңірлік тарихының маңызды факторы ретінде Қазақстан мен Қарақалпақстанның түрлі салалардағы тарихи байланыстарының маңыздылығы көрсетілген.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 49

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.