ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ М.А. ИСЕНОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ (1909-1992 ЖЖ.)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202440101

Кілт сөздер:

Қазақстан тарихы, тұлға, қоғам қайраткері, Мұхамбет Айтуұлы Исенов қызметі, өмірі, ғұмырнама, Қазақстан экономикасы, өндіріс, экономика, мұнай-газ, инфрақұрылым

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның батыс өңіріндегі 1937-1970 жылдар аралығында еліміздің экономикасының қалыптасуына еңбек атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Айтуұлы Исеновттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік саладағы ел алдында атқарған қызметі алғаш ғылыми зерттеу аумағына алынып отыр. Тұлғаның қызметі арқылы Қазақстанның мұнайлы аймақтарын дамытуда қосқан үлесі, инфрақұрылымды жетілдіру және аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы рөлі - қазіргі уақытта аймақтық экономикалық даму саясатының қалыптасуына да әсер ететін маңызды фактордың бірі болды. Сондықтан зерттеу елдің тарихи даму жолдарын айқындауда нақты тарихи оқиғаларды қалпына келтіруде өзекті тақырыптардың бірі. Мақалада қоғам қайраткерінің Қазақстанның мұнай өнеркәсібі мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына шаруашылықты ұйымдастырудың ұйытқысы болған қызметі мен өмір жолын зерделеуді мақсат тұттық. М.А. Исеновтың қоғамдық-саяси қызметіне тарихи көзқарас тұрғысынан баға берілді. Еңбектің зерттеу құндылығы Қазақстанның экономикасының дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар тарихын зерттеу арқылы өткен тарихымыздың шынайылығын қалпына келтіруге және жас ұрпаққа патриоттық сезім қалыптастыруға көмектеседі. Қазақстандағы ауыр өндіріс өнеркісібі және халық шаруашылығы тарихына қатысты және өлке тарихына байланысты зерттеулер тақырыптарға байланысты пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-20