ТІЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САРАЛАНУЫ: ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРДЫҢ БАСТАУЫ МЕН ДАМУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202610201

Кілт сөздер:

Әлеуметтік лингвистика, тілдің әлеуметтік саралануы, тілдік вариативтілік, әлеуметтік стратификация, тіл және қоғам, қазақ тіл білімі.

Аңдатпа

Бұл мақалада тілдің әлеуметтік саралануы ұғымының қалыптасуы мен дамуы, оның теориялық негіздері мен ғылыми эволюциясы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – тілдің әлеуметтік саралануы туралы ғылыми көзқарастардың қалыптасуын талдау және әлемдік лингвистикадағы теориялық тұжырымдарды саралай отырып, қазақ тіл біліміндегі социолингвистикалық идеялардың даму ерекшеліктерін анықтау. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы талдау, ғылыми әдебиеттерді жүйелеу және әлеуметтік лингвистикалық талдау әдістері қолданылды. Мақалада тілдің қоғамдағы қызметі мен әлеуметтік құрылым арасындағы байланыс қарастырылып, тілдің әртүрлі әлеуметтік топтарда, кәсіби ортада, жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне және мәдени-тарихи жағдайларға байланысты әрқалай қолданылуы тілдің әлеуметтік саралануының негізгі көрінісі ретінде сипатталады.

Зерттеуде тілдің әлеуметтік жіктелуі туралы теориялық тұжырымдардың қалыптасуына үлес қосқан И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.Мейе, Э.Сепир, У.Лабов, Л.П.Крысин сияқты шетелдік ғалымдардың еңбектері талданады. Сонымен қатар қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистикалық идеялардың қалыптасуы мен даму кезеңдері қарастырылып, А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанұлы және Б.Хасанұлы еңбектеріндегі тілдің әлеуметтік саралануына қатысты ғылыми тұжырымдар сараланады. Зерттеу нәтижесінде тілдің әлеуметтік саралануы қоғамның әлеуметтік құрылымының тілдегі көрінісі екендігі, тілдік өзгерістердің тарихи, мәдени және саяси факторлармен тығыз байланысты екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің қазіргі әлеуметтік кеңістіктегі қызметін, оның әртүрлі әлеуметтік топтардағы қолданылуын және жаңа коммуникациялық ортадағы (интернет, әлеуметтік желілер, кәсіби қауымдастықтар) тілдік ерекшеліктерді талдауда қолдануға мүмкіндік береді.

Мақаланың ғылыми құндылығы тілдің әлеуметтік саралануын қазақ тіл білімінің тарихи және қазіргі даму контексінде кешенді түрде қарастыруымен айқындалады.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 283

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.