ӘЗ-ЗАМАХШАРИДІҢ «МУКАДДИМАТ ӘЛ-АДАБ» ЕСКЕРТКІШІНДЕГІ ТЕРМИН СӨЗДЕР

Авторлар

  • Тоқполатова Таңшолпан Бақытқызы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Автор https://orcid.org/0009-0004-7711-517X
  • Боранбаев Сандыбай Режепович М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті Автор https://orcid.org/0000-0002-5596-737X
  • Амирова Гаухар Оразбаевна М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты Автор https://orcid.org/0000-0002-9148-6928

DOI:

https://doi.org/10.62724/202530201

Кілт сөздер:

Замахшари, термин сөздер, ескерткіш, орта ғасыр, сөздік, этимология, мағына, кірме сөздер.

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында әз-Замахшаридің «Мукаддимат әл-Адаб» еңбегінде кездесетін термин сөздердің жасалу ерекшеліктері талқыланады. Басқа да орта ғасырлардағы жәдігерліктер сияқты «Мукаддимат әл-Адаб»  сөздік қоры қазіргі түркі  тілдеріне ортақ және кірме сөздерден тұрады. Біздің зерттеу нысанымызға айналған термин сөздер тіліміздің төл лексикасымен қатар, кірме сөздерден де тұрады.  Кейбір  термин сөздер дыбыстық өзгеріске түспей  қалпын сақтаса, ал ендігі біреулері дыбыстық өзгеріске ұшырап, семантикалық ерекшелік арқылы ажыратылады. Қолжазба тілінде араб және парсы тілінен енген термин сөздер жиі кездеседі.

Мақаланың мақсаты – ескерткіш тілінде кездесетін термин сөздердің жасалу ерекшелігін анықтау, мағыналық ерекшелігін нақтылау. Анықталған термин сөздерді мағыналық ерекшелігіне қарай тақырыптық топтарға бөлу. Термин сөздердің жасалу жолын қарастыру.

Мақаланың ғылыми маңыздылығы – ескерткіш тілінде кездесетін термин сөздерді тұлғалық және мағыналық ерекшелігін анықтау. Термин сөздердің жасалу ерекшеліктері қарастырылады. Кейбір фонетикалық өзгеріске ұшыраған термин сөздердің түпнұсқасы анықталады. Олар өзара салыстырылып, тұлғалық негізі ажыратылады.

Жұмысты тілдік талдауда жинақтау, сипаттау, салыстыру және топтау әдістері қолданылды. Ескерткіш тілінде кездесетін термин сөздердің жасалу жолы мен қолданылу аясы талқыланды.

Зерттеуіміздің нәтижесінде алынған тұжырымдар термин сөздердің этимологиясын анықтауда маңызы зор.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2025-10-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 49

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.