ОРТА АЗИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ-АУМАҚТЫҚ МЕЖЕЛЕНУІ ЖӘНЕ ҚАРАҚАЛПАҚ АВТОНОМИЯЛЫҚ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202440103Кілт сөздер:
Орта Азия, ұлттық-аумақтық межелеу, РКП ОК Орта Азия бюросы, Қазақ АССР, қарақалпақтар.Аңдатпа
Орталық Азияның этномәдени мозаикасының күрделілігі контекстінде ХХ ғасырда осы аймақта болған ұлттық-аумақтық межелеудің тарихи және саяси алғышарттарын қарастыру өзекті болып табылады. Осы мақаланың мақсаты – Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік институттар мен әкімшілік-аумақтық құрылымның негізі қаланған күрделі үдерісті қарастыру болды.
Бұл тұрғыда мақалада Кеңес өкіметінің аймақтың этникалық және мәдени әртүрлілігіне негізделген тұрақты әкімшілік бірліктер құру талпыныстарының нәтижесі ретінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылуын мысал ретінде ашу міндеттері қойылды. Қарақалпақстанның этноаумақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оның болашақ кеңестік ортаазиялық аймақтағы орны мен мәртебесін анықтау өзіндік ерекшеліктер мен қиындықтарға ие болды. Оларды қарастыру мен сипаттау да осы мақаланың міндеттерінің бірі болғанын атап кету қажет.
Мақалада Қарақалпақстанның ұлтаралық қатынастар аясындағы маңыздылығын талдай отырып, Орталық Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуді одан әрі зерттеудің заманауи аймақтық саясат пен этникалық динамиканы түсіну үшін қажет екендігі атап өтіледі. Өткен үдерістің тәжірибесін тарихи әдіс, жүйелілік және салыстыру әдістерін пайдалана отырып зерттеу, бұрынғы ортаазиялық кеңестік республикаларда ұлттық-аумақтық құрылыс мәселелерімен байланысты кейінгі оқиғалардың себептері мен алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.