САҒЫНДЫҚ ДОСЖАНОВТЫҢ 1917-1920 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620102

Кілт сөздер:

Сағындық Досжанов, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі, облыстық қазақ съездері, жалпықазақ съездері, автономия, Алаш Орданың батыс бөлімі, алаш әскері, қазақ зиялылары, Алаш партиясы, облыстық қазақ комитеттері.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қазақ ағартушылардың бірі Сағындық Досжановтың қоғамдық-саяси қызметінің Ақпан және Қазан реколюцияларынан кейінгі, азамат соғысы жылдарындағы кезеңін зерделеу. Сағындық Досжановтың белсенді қоғамдық-саяси қызметі Ақпан төңкерісінен кейін басталып, ол Торғай облыстық және бірінші, екінші жалпықазақ съездерінің қатысушысы және оны ұйымдастырушылардың бірі болады. Екінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру жөніндегі комиссия мүшесі болып, алаш көсемдерімен қоян-қолтық, иық теңестіре жұмыс жүргізеді. Азамат соғысы жылдарында Халел және Жаһанша Досмұхамедовтармен бірге Алаш Орданың батыс бөлімін ұйымдастыру жұмысына атсалысады. Алайда азамат соғысы барысындағы ахуалдың өзгеруіне байланысты бірқатар алаш өкілдерімен бірге кеңестер жағына шығады. Осы кезеңнен бастап кеңестік билік тұсындағы қызметі басталды. Алайда 1920-1930 жылдардағы кеңес өкіметінің партиялық тазалау науқандары тұсында қуғын-сүргінге ұшырайды. Зерттеу жұмысының құндылығы ағартушы Сағындық Досжановтың қоғамдық-саяси қызметінің бұрын-соңды беймәлім тұстарының зерделенуі және оның өзгерген жағдайда қазақ мемлекеттілігін жандандыруға талпынған қазақ зиялыларымен бірге жасаған қоян-қолтық жұмысына баға беру. Зерттеу барысында  салыстырмалы, тарихнамалық, деректемелік талдау жасау тәсілдері қолданылды. Сонымен бірге осы тарихи саланы зертетушілердің пікірі де назарға алынды. Зерттеу нәтижесінде Сағындық Досжановтың қоғамдық-саяси өмірінің беймәлім тұстары туралы ақпарат алынды. Ал бұл нәтижелерді өз кезегінде жалпы алаш қозғалысының, оның аймақтық ерекшеліктерін зерттеуге қолдануға болады. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 271

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.