1920 – 1940 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202510105Кілт сөздер:
Оқу – ағарту саласы, архив деректері, қор құжаттары, сауатсыздыққа қарсы күрес, мектеп, бастауыш білім, жоғары сыныптар, қаражат.Аңдатпа
Мақалада Қазақстандағы 1920 – 1940 жылдардағы Халық Ағарту Комиссариатының қызметі, халыққа білім беру, сауатсыздықпен күрес, мәдени – ағарту жұмыстарының атқарған қызметі, ҚР Орталық мемлекеттік архивіндегі 1692 – қор құжаттары бойынша талданады. Қазақ АССР Халық ағарту комиссариатының қызметін көрсететін хаттамалар, баяндамалар, бұйрықтар, есептер көрсетіледі. Статистикалық мәліметтердің, хаттардың т.б құжаттардың мазмұны ашылады. Білім беру саласындағы кеткен қателіктер, шешу жолдары архив құжаттары негізінде мысалдармен талданады. Ұлттық мектептердің жұмысы, оларды жүзеге асыруда атсалысқан ірі тұлғалардың есімдері көрсетіледі. Осы кезеңде ұлттық мектептер ұлттық және мәдени ерекшеліктерді сақтау, қазақ халқының білім мен мәдениетін дамыту мақсатында ашылып, кеңестік жүйенің саяси ықпалымен жұмыс істеді. Архив құжаттары негізінде жүргізілген зерттеу қазақ мектептерінің құрылуы, дамуы, оқу бағдарламалары, оқыту тілдері, мұғалімдердің даярлығы және олардың қоғамдық қызметтері сияқты мәселелерді қарастырады. Бұл зерттеу кеңестік кезеңдегі білім беру жүйесінің саяси бағытын, ұлттық мектептердің қызметін және қазақ қоғамының білім деңгейінің өсуіне әсерін айқындауға бағытталған. 1920-40 жылдар аралығында қазақ мектептерінің ағартушылық міндеттері, саяси ықпалдар мен әлеуметтік өзгерістер кезіндегі рөлі ашылып, ұлттың білім беру жүйесіндегі жетістіктері мен қиыншылықтары терең талданады.