І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ ТАРИХИ РОМАНЫНДАҒЫ ЭМОЦИОНАЛДЫ- ЭКСПРЕССИВТІ ЛЕКСИКА

Авторлар

  • Бекмашева Актоты Нигметовна Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Автор https://orcid.org/0000-0001-7189-8952

DOI:

https://doi.org/10.62724/202620201

Кілт сөздер:

Эмоционалды-экспрессивті лексика, тарихи шығарма, стилистикалық тәсіл, фразеологизмдер, қаратпа сөздер, оксюморон, қарапайым лексика

Аңдатпа

Мақалада Ілияс Есенберлиннің тарихи романдарындағы эмоционалды-экспрессивті лексиканың қолданыс ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу жұмысының  мақсаты – Ілияс Есенберлиннің тарихи романдарындағы эмоционалды-экспрессивті лексиканың қолданыс ерекшеліктерін анықтау және олардың көркем мәтіндегі стилистикалық қызметін айқындау. Зерттеу нысаны ретінде жазушының тарихи шығармаларындағы эмоционалды реңкке ие тілдік бірліктер алынып, олардың кейіпкер бейнесін жасаудағы, тарихи оқиғаларды суреттеудегі және авторлық ұстанымды танытудағы рөлі қарастырылды. Зерттеу барысында сипаттамалы, семантикалық, контекстік талдау, лингвостилистикалық және тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Нәтижесінде романдарда эмоционалды-экспрессивті мағына тудыратын қарапайым лексикаға жататын дөрекі сөздердің, фразеологизмдердің, қаратпа сөздердің, архаизмдер мен диалектизмдердің, сондай-ақ оксюморон мен алогизм сияқты стилистикалық тәсілдердің кеңінен қолданылғаны анықталды. Аталған тілдік құралдардың кейіпкерлердің мінез-құлқын, психологиялық жай-күйін, әлеуметтік ортасын және тарихи дәуірдің ерекшеліктерін бейнелеуде маңызды қызмет атқаратыны дәлелденді. Сонымен қатар тарихи тұлғалардың бейнесін жасаудағы, халықтың рухани болмысын, елдік сана мен патриоттық сезімді танытудағы экспрессивті лексиканың маңызы көрсетілді. Талдау нәтижесінде І. Есенберлин шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика тарихи шындықты көркем бейнелеумен қатар, оқырманға күшті эмоциялық ықпал ететін маңызды стильдік құрал екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері көркем мәтін лингвистикасы, стилистика, лингвопоэтика және тарихи роман тілін зерттеу салаларында қолдануға мүмкіндік береді. Қорытындысында І. Есенберлин шығармаларындағы эмоционалды-экспрессивті лексика тарихи шындықты көркем бейнелеудің, ұлттық дүниетанымды танытудың және оқырманға әсер етудің маңызды құралы екендігі айқындалды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

Ұқсас мақалалар

31-40 тен 133

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.