ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62724/202440102Кілт сөздер:
Қазақтар, диаспора, ирредент, қоныс аудару, шет ел.Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақала кейбір тарихи уақиғаларға байланысты қазақ ұлты өкілдерінің өзге елдерге көшіп кетуіне арналған. Әсіресе XIX-ХХ ғғ. қазақтардың көп бөлігі Атамекенінен тысқары жерлерге қоныс аударды. Негізінен қазақтар шығысқа – Қытай мен Тибетке, оңтүстікке – Өзбекстан, Қарақалпақстан, Түркменістан, одан әрі – Ауғанстан, Пәкістан, Иран мен Түркияға қоныс аударуға мәжбүр болды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан кейін қазақ диаспоралары Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде қалыптасты. Кейбір дереккөздер бойынша қазіргі уақытта әлемде қазақтардың жалпы саны 18 млн адамды құрайды, ал Қазақстан аумағынан тыс жерлерде 4 млн-нан астам қазақ тұрады, кейбір деректер бойынша бұрынғы КСРО-ның 14 мемлекетінде және әлемнің 25 елінде 2 миллионға жуық қазақ тұрады. Олардың 500 мыңнан астамы ғана диаспораны білдіреді, қалған 3,5 миллион қазақ ирреденттер болып табылады, яғни олар Қазақстанмен шекаралас жерлерде тұрады. Ирредентке Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аудандарында, Моңғолиядағы Баян-Өлгей аймағында және моңғол Алтайы мен Ханғай тауларының аумағында, Қытайдың Қазақ автономиялық уездерінде, Қарақалпақстанда және Өзбекстанның басқа қалаларында тұратын қазақтар жатады. Қазақ диаспорасы мен ирреденттерінің тарихи мен қазіргі кезеңдегі мәселелері зерттелуі қажет, өйткені олар бүкіл қазақ халқының құрамдас бөлігі, ортақ тарихи-мәдени тамыры бар және олардың тағдырлары Қазақстан Республикасының тағдырымен тығыз байланысты.