ҚАРАҚАЛПАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЗЫЛАР СОТЫ (XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ)
DOI:
https://doi.org/10.62724/202520104Кілт сөздер:
Қазылар, «халық соты», Хиуа хандығы, Әмудария бөлімі, қазақтар, шариғат, әдет, Қазы Бойра, Жәнібекұлы Қазы Иш-Мұхаммед, Қазы Қудур.Аңдатпа
Бұл мақалада XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Қарақалпақстандағы қазақтардың қазылар сотының қызметі мен құқықтық институт ретіндегі рөлі жан-жақты зерттеледі. Зерттеудің мақсаты – дәстүрлі құқықтық нормалар мен ислам шариғатының өзара ықпалдастығын, сондай-ақ отарлық билік жағдайында сот жүйесінде болған құрылымдық және функционалдық өзгерістерді талдау. Жұмыс барысында проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихи және ретроспективтік әдістер қолданылып, Өзбекстан Республикасының орталық архив құжаттары мен заманауи ғылыми әдебиеттерге сүйенген. Зерттеу нәтижесінде қазылар сотының әлеуметтік мәртебесі, сайлану тәртібі, қызметінің мазмұны, шешім қабылдау үдерісі мен халық арасындағы беделі анықталды. Сонымен қатар, билік құрылымдары мен сот өкілдерінің арасындағы өзара байланыс, білім деңгейінің әркелкілігі, сайлау жүйесіндегі әділетсіздік пен патша үкіметі кезеңіндегі әкімшілік қысым, парақорлық, реформалар қажеттілігі нақты мысалдар арқылы сипатталды. Мақалада қазылардың шариғат пен әдет-ғұрып нормаларын қолданудағы ерекшеліктері, билер сотымен арақатынасы мен аймақтық этноәлеуметтік ахуалмен байланысы көрсетілді. Бұл зерттеу қазақтардың құқықтық санасы мен дәстүрлі сот жүйесінің тарихи эволюциясын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыс нәтижелері тарихи-құқықтық зерттеулерде, этноәлеуметтік сараптамаларда, оқу үдерісінде және аймақтық тарихты зерделеу салаларында қолдануға жарамды.